Тақырыбы: «Ұлттық ойындар»
Мақсаты: Отанымыз Қазақстан мемлекеті туралы түсініктерін кеңейту. Ұлттық ойындарға қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту. Тіл мерекесін, қазақ тілінің маңыздылығын сезіндіру. Отанға деген сүйгіштікі, ұлтжандылыққа, Отанды ардақтап, аялауға, қастерлеуге, құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Түрлі - түсті шарлар, гүлдер, тунель, асықтар, арқан, қоржын, қазан, қағаз, кегли, гимнастикалық отырғыштар, жалаушалар, эмблема, муз\қ сүйемел(сд, мини диск) меже, ұлттық бұйымдар.
Әдіс - тәсілдер: Эстафеталық жарыс. Көрме ұйымдастыру.
Салтанатты ашылу рәсімі
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер «Салауатты өмір салтын сақтайық» ұранымен тіл мерекесіне арналған «Ұлттық ойындар» атты спорттық – эстафета ойындарының қатысушы командаларды ортаға шақырамыз
Парадтың салтанатты ашылу әуені (марш) орындалады. Әр топтың аттары маңдайшаларына жазылған жарысқа қатысушы командаларды және төрешілер алқасы құрамын коменданттық бригадасы (ертегідегі кейіпкерлердің, аңдар киімін киген) бастап жүреді.
Спорттық шеруге қатысушылар
Жүргізуші:
1. Топтардың аттары аталады.(сегіз топ)
Сайыскерлерге қошеметімізді аямайық.
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар! Бүгінгі эстафета ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер!
Қазақстанның саңлақ спортшылары арқылы әлемді таң қалдырып жүрген Қазақстанның спорт дүниесі бүгінде даңқты шындарға ие болуда. Еліміздің спорт мәдениетін көтере отырып, ертеңге барар жолда рухани әсемдік және дене шынықтырудың маңызын нығайту бағытында атқарылып жатқан істердің бір мәні – спорт әлемінде.
Бүгінгі спорт аренасында қызу жеңіс пен достықтың бірлік қасиеті жандана берсін деп тілек білдіреміз.
Парад залмен жүреді. Командалар 2 қатарға тұрады.
Жүргізуші:
Тік тұрыңдар!
«Шеру оңға» Қазақстан Республикасының көк байрағына қарап «Тік тұрыңдар!»
Командалар Қазақстан Республикасының көк байрағына тік қарап тұрсын.
Қадірменді қонақтар! (Еліміздің ән ұраны орындалу рәсіміне оң қолдарын жүрек тұсына ұсталып тұрады.)
Жүргізуші:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Тілден биік асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
ҳ묬¬- халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл - біздің намысымыз, арымыз байлығымыз барымыз.
1989 жылы 22қыркүйек мемлекеттік тіл болып табылған.
Құрметті сайыскерлер.
Енді әділқазы алқаларымен танысуды рұқсат етіңіздер.
1. Балабақша директоры: Жанар Нығыметқызы.
2. Оқу тәрбие іс жөніндегі орынбасары: Балқия Орынбасарқызы.
3. Тәрбиеші: Райхан Шамсудтиеқызы.
4. Бейнелеу өнерінің маманы: Гүлнар Темуржанқызы.
Жүргізуші: Жарыспас бұрын жаттығу жасап
Жаттығу жасаймыз.
Жүру, жүгіру (тұр), шеңбер болып тұру.
1. Б. қ.: Тік тұру, екі қолды жоғары көтеру, төмен түсіру. 6р.
2. Б. қ. солай, денені оңға, солға бұру. 6 р.
3. Б. қ. солай, қолды жоғары көтеру, төмен қарай еңкею (тізе бүгілмейді) қалыпқа келу.
5. Секіру.
Шеңбер бойымен жүру, терең демалу, дем шығару.
Жеребе тастаймыз. (2 командадан жарысу)
Эстафеталық жарыс
Өз командаларыңды таныстыру. «сәлемдесу».
1. Жалаушамен жүгіру.
Шарты: Жалаушаны бір қолмен ұстап жүгіру, межеден айналу, келесі қатысушыға ұсыну.
2.«Үңгірден өту.»
Шарты: Төрттағандап тунельден өту, межеден айналып кері жүгіру.
3.«Қазан».
Шарты: 2 м қашықтықта тұрып қағазды домалақтап умаждап, қазанға түсіру.
4. « Ат құлағында ойнаймыз»
Шарты: гимнастикалық отырғыштың үстінен жорғалап өту.
5. «Арқан тартыс.»
6. «Ханталапай.»
Шарты: Екі топты қосамыз, шеңбер болып отырады. Қай топ асықты көп жинайды, соған ұпай береді.
Талапай ау талапай
Бір ойын бар алақай
асықтарды шашайық
талапайға басайық!
Әділқазы алқасы шешім шығарғанша ойын ойнаймыз.
«Шаңырақ» ойыны.
«Асық ату» бір - бірлеп асық атып шығарады.
Балаларды мақтау: Күміс, алтын алқалармен, дипломдармен марапаттау.
Шеңбер бойымен жүру, тыныс алу жаттығуы «Жапырақ үрлеу»
Балаларға рахмет айтып әуенмен залдан шығарып салу.
Ұлттық ойындар
- aigul1974
- 13 қыркүйек 2014
- 35642
- 0
- 80
Ілмек сөздер: ұлттық ойындар, балабақша дене шынықтыру сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Көңілді спорттық ойындар
Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....Қысқа қашықтықта эстафета таяқшасын беру
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қызылжар ауылы, Еңбекші НЖББМ Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Жубанов Руслан Тоғайбаевич...Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...Эстафеталық жарыс
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Бастауыш сыныптарға "Доппен спорттық ойындар"
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныптарға «Доппен спорттық ойындар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.