Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат - анамыз

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: "Табиғат - анамыз"
Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.
Әдіс - тәсілдер: Күтпеген сәт, дидактикалық ойындар, сұрақ - жауап, түсіндіру, оқу, әңгімелеу.
тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар көңіл күйлерің қалай? Тамаша
балалардың іс әрекеті
Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.

- Балалар, қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге

Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.
Жарайсыңдар балалар енді бәріміз күнге қарайықшы
- Күн бізге не береді?
Сәуле, жарық, жылу береді
Олай болса күнмен амандасып алайық.
Сәндетіп даламыз
Сәулетті қаламыз
Сәлем күн анамыз!
- Балалар бүгін аптаның қай күні?
Екінші күн
Сейсенбі

- Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Балалар күздің қандай белгілерін байқадыңдар?
- Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

Төрт мезгіл, олар Күз, Қыс, Көктем, Жаз
Жапырақтар сарғаяды
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, күн салқындайды
Қыркүйек, Қазан, Қараша
Іздену ұйымдастырушы
Жарайсыңдар балалар, біреу есік қаққандай болды ма?
Кім болды екен?
- Ендеше есікті ашып көрейік.
Топқа Дымбілмес келеді.
- Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің сабақтарына қатысуға болама?
- Балалар таңырқай қалады.
- Балалар Дымбілмеспен амандасады.
Ия
Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансам да таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?
- Жарайды Дымбілмес қош келдің сенде мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!
- Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сенде осы балалардан сабақ ал.
- Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің жаңа оқу іс - әрекетімізге байланысты.
1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең
Адамзат, жан жануар соның арқасында
Мәңгілік өсіп өнегең. (Жер)
2. Таңмен көзін ашады
Әлем нұрын шашады
(Күн)
- Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?
- Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?
- Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық, жылу өте қажет балалар.

3. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ
Пайдаланбас кісіде жоқ.
4. Бір нәрсе жермен көктің арасында
Көрмейді өзі түгіл қарасыда
Білінбей жер бетінде жүрсе дағы
Пайдалы адамзаттың баласына
(ауа)
- Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Ал ауасыз тіршілік етуге болама?
- Жоқ өмір сүре алмайды.
- Жан – жануарларға да, адамдарға да күннің сәулесі өте қажет

Жарайсыңдар балалар

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар?
- Балалар бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы
"Табиғат - анамыз" деп аталады.
- Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған, қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.
- Алдымен мен сендерге Н. Жанаев атамыздың "Табиғат анамыз" деген өлең жолдарын оқып берейін.
Табиғат ол анамыз
Табиғатқа баламыз
Құшағында ойнаймыз
Шаттық әнге саламыз
Жазда аралап тауында
Барамыз біз бауында
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Өлеңде не туралы айтылған?
- Музыка әуені арқылы табиғат құбылыс, дыбыстарын естірту
- Табиғат екіге бөлінеді
- Өлі табиғат және тірі табиғат
- Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер, тау, тастар жатады.
- Тірі табиғатқа - адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.
Зейін қойып тәрбиешіні тыңдайды.
Табиғат туралы айтылған
Балалар тәрбиешімен бірге өлі және тірі табиғатты қайталап айтып отырады.
Балалар қоректенбейтін, тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.
- Балалар бізге Дымбілмес екі жасанды гүл әкеліпті оның өтініші бойынша 1 - ші гүлінде сан түрлі сұрақтар бар екен, ал екінші гүлін жасанды гүлін сендерден оны топырақ салынған ыдысқа отырғызуды сұрайды.
Тірі бөлме өсімдіктермен жасанды гүлдерді салыстыру.

Балалар бір - бірлеп Дымбілмеске жасанды гүл ешқашан өспейтінін айтады.
Себебі бұл жасанды гүлдің тамыры жоқ, ешқашан өспейді.
Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүл ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.
Бұл гүлдерге де күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оған да жарық, сәуле, ауа керек.
Егерде сендерді де ата - аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.
Бұл гүлдерді де күту керек, оларды ескерту керек екен балалар.
Сендер сияқты өсімдіктер өмірінде де арнайы тәртіп сақталады. Дәні жерге түскеннен кейін, тамыр жайып өседі. Оны жаңбыр суарып, күн шуағы өсіреді. Ал өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан жауыннан желден қорғайды, жемісін береді, ыстық күні көлеңкесіне демаламыз. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, суармаса ол өспей қояды.
Ал балалар біздер мына бөлме өсімдігін топырақ салып ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартайық,
- Осы гүлдің күннен күнге жайқалып өсіп келе жатқанын және оған қандай күтім керек екенін білсін.

Балалар бөлме гүлін ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартады.
Сондықтанда біз үнемі ағаштармен гүлдерді суарып, түбін қопсытып, гүлдердің жапырақтарын сүртіп отыруымыз керек.

Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып, сергітіп алайық
Орнымыздан тұрып бәріміз бірге:
Күн болып жанайық
Мөлдір су боп ағайық
Гүл болып жайнайық
Терең - терең домалап
Жүріп, жүгіріп алайық.

Тәрбиешінің көмегіне жүгініп қимыл - қозғалыспен бірге қайталап көрсетеді.
Балалар мына Дымбілместің сұрақтарына кім жауап береді.
1. Табиғатқа байланысты қандай өлең білесіңдер?
2. Қызыл, сары жапырақтар қай кезде болады?
3. Қандай мақал - мәтел білесіңдер?
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
5. Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

Күз мезгілінде болады.

- Төрт мезгіл бар
Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер, тау, тастар жатады.
- Тірі табиғатқа - адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

Ойын:"Жақсы - жаман" ойынын ойнайық.
Ойын ережесі: "Жақсы - жаман қасиеттер бейнеленген суреттерге қарап "Жақсы" қасиет болса қол шапалақтау "Жаман" қасиет болса тып - тыныш отыру.

Гүлдерге су құю
Ағаштарды сындыру
Құстарға жем беру
Құстың ұясын бұзу
Гүлдер жұлу
Құстарға ұя жасап беру.
- Балалар жаман - жақсы қасиеттерді айыра білді
Рефлексивті коррекциялауышы
Д /о: "Неден жасалған"
Ауа, су, жарық
Жарайсыңдар балалар біздер бүгін қандай тақырыпта сыр шерттік, таныстық

Егер сен табиғаттан бір зат алатын болсаң, онда оған да бірдеңе бер. Ағаш отырғызу, бұлақтың көзін аш, құстарға жем бер, сонда ғана ол керемет және бізге пайдасы болады.

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің соңында балаларға ертегі кітапшасын сыйға тартады.
Балалар қай заттың неден жасалғанын және оның адамға тигізер пайдасы туралы айтады.
Табиғат туралы таныстық
Балалар оқу іс - әрекетіміздің соңында табиғаттың жолында аянбай еңбек ететіндіктерін және табиғатты аялап қорғайтындарын айтты
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Табиғатты қорғап, оны аялау керектігін
Түсінеді: Жер бетінде қай адам баласы болсын мейлі жан - жануар болсын, өсімдік болсын қай затқа да ауасыз, күнсіз, сусыз, тіршілік жоқ екенін
Қолдана алады: Ойындарға қызығушылықпен қатысады, Гүлдерді суарып, шаңын сүртіп, түбін қопсытады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×