Таным білім саласы қоршаған ортамен таныстыру оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: «Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі»
Мақсаты: Орман жан - жануарлары туралы олардың балаларының аттарын, түрлерін тани білуге, немен қоректеніп, қайда тұратыны туралы түсінік беру.
Түзету мақсаты: Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Мультимедиялық проектор
Көрнекілігі: Жануарлардың суреттері, орман бейнесі, себетке салынған саңырауқұлақ астындағы сыйлықтар. Үй жануарларының суреттері, орман және үй суреттері.
Жылулық шеңбері: Армысың – аспан ата,
Армысың – арайлы күн.
Армысың – жер ана.
Армысыздар қадірменді қонақтар!
Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің қандай ерекшелігі бар?
Күн қатты суық, аяз, қар жауады, үстімізге қалың киімдер киеміз. Шанамен ойнаймыз. Аққала жасаймыз.
Қыс мезгіліндегі ормандағы аңдарды қысты қалай өткізетіні туралы айтып беремін. Олардың балалары, үйлері қалай аталады екен соны біліп алайық.
Енді осы орман аңдарын мультимедиадан қарайық. Орман аңдарын көрсету.
1. Қоян. қыста үйілген бұталардың, ағаштың қуыстарында қыстайды. Ол құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді. Қоянның баласы көжек деп аталады.
2. мынау – түлкі. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. Құстың жұмыртқасын жейді. Түлкі – інде тұрады. Баласы – мыршай деп аталады.
3. Тиын. Інін ағаштың қуысына салады. Өте әдемі. Жаңғақ жейді.
4. Аю. Аю үлкен аң, ақылды жыртқыш. Ол өз бетінше ешкімге тиіспейді. Ол апанда мекендейді. Баласы – қонжық деп аталады. Аю бал жейді, жеміс - жидек жейді.
5. Қасқыр. Қыста құстармен, дала жануарларымен, қоян жейді, үй жануарларын жейді. Ол апанда тұрады. Балалары – бөлтірік деп аталады.
Д/о. «Қай аң қайда жүреді?»
Орман
|
Орман аңдары
Үй
|
үй жануарлары
Сергіту сәті. Тауға шықсаң қалың қар
Сайға түссек қалың қар
Байқаңдар қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Ертегі: «Айлакер қоян»
Ертегі кейіпкерлері:
Аю – Жанатбек.
Қояндар: Әннур, Лира, Алтынбек.
Енді осы орман аңдарын жақсылап қарап шығайық. Орман іші тып - тыныш. Жерді қар басқан. Орман ішінде орман аңдарының ізі. Түлкі – інде жатыр. Тышқан да інде. Үлкен үңгірде апанда Аю ұйықтап жатыр. Қасқыр да апанда. Ой балалар қараңдаршы ағаш басында, ағаш қуыснда тиын отыр екен ғой. Қараңдаршы ол басқа аңдарға да сыйлық әзірлетті. Сыйлығы «Қай аң немен қоректенеді?» соларға арнап жейтін тамақтарын саңырауқұлақ астына тығып жасырып қойыпты. Қане сіздерге тапсырма сол аңдардың жейтін тамағын апарып берейік.
Қасқырға – қоян, құс, қой.
Түлкіге – балық, тышқан.
Қоянға – шөп, сәбіз.
Аюға – бал, жидек.
Дұрыс апарып бергендерін қарау. Киндер сыйлықтың сыртындағы аңның суретін атайды, ішіндегі жейтін тағамы.
Қорытындылау.
Бұл аңдарды неге жабайы дейміз?
Қай аң қыста ұйықтап жатады?
Олардың балаларын қалай атаймыз?
Қай аң апанда тұрады? (Аю, қасқыр)
Қай аң інде тұрады? (түлкі, тышқан)
Балаларды мақтау, мадақтау.
Орман жан - жануарларының қысқы тіршілігі
- ramuk_b
- 29 тамыз 2014
- 21916
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Орман жан жануарлары туралы, бөлтірік, мыршай
Ұқсас жаңалықтар:
Жабайы аңдар
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру. Білімділігі: Жабайы аңдарды бір - біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету....Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Жабайы жануарлардың тіршілігі
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Түлкінің туған күні
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеші-мұғалімі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.