Казіргі кезде тіл кемістігі бар балалар саны күннен - күнге артуда.. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады.
Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі логоритмика.
Логоритмикамен шұғылдануды ортаңғы жастан бастауға болады.
Логоритмика:
Сауықтыру, оқыту, тәрбиелік, коррекциялық міндеттерді шешуді қарастырады. Өз жұмысыма логоритмика элементтерін жүйелі түрде кірістіре отырып, сөздің, әуеннің және қимылдық синтезі балаларды белсенділігін, өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеуде көп көмегін тигізетінін байқадым. Логоритмиканың әртүрлі тәсілдерін алмастыра ұйымшылдықты талап етеді. Барлық осы айтылғандар баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар сабақта өздерін еркін ұстай білуге, үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақты және мұқият бола түседі. Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады.
Логоритмиканың элементтері бар музыкалық сабақтары өз жемісін бере бастады. Балалар ол сабақтарды асыға күтетін болды. Тілдік жаттығулары бар ойындарға белсене қатыса бастады. Мен сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдадым. Мұнда төменгідей кезек болуы керегі әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз беттерімен орындайды.
Мысалы: «Құймақтар»
Қамырды илейміз – ух - тух! Ух - тух( жудырығын түю, жазу)
Табаны қыздырамыз,
Ух - тух, Ух - тух! ( екі қолмен шеңбер жасау)
Ди - ди -, ла - да - құймақ пісіреміз
Хлоп - шлеп, хлоп - шлеп!
Құймақ ыссы! ( қолдарын алға созып, шеңбер жасай отырып, алақанға «үрлеу»
«Құмырсқалардың жаттығуы»
Құмырсқа ерте оянды ( жүрлеп отырып, көздерін уқалайды)
Керілеміз! ( тұрып, керіліп - созыламыз)
Тік тұрамыз ( қолдарын төмен түсіреді)
Секіреміз (екі аяқпен секіру)
Жаңа күн басталады!
Біз әрқашанда бірге, көңілді
Өмір сүреміз (бір орында жүгіру)
«Жаңбыр кап!»
Құс: кар, кар, кар (қанаттар)
Жел: хлоп, хлоп, хлоп! (алақанды шапалақтау)
Жаңбыр: кап, кап, кап ( алақанын тізеге соғу)
Аяқтар: шлеп, шлеп, шлеп! (аяқтарын кезекпен топылдату)
Балалар: Ха, ха, ха! (алақандарын жайып, қолдарын алға созу)
Мама: Ах, ах, ах! (екі қолмен басын ұстап, басын шайқау)
Жаңбыр: Кап, кап, кап! (алақанын тізеге соғу)
Бұлт: Бах, бах, бах! (аяқтарын тарсылдату)
«Шар»
Тез шарды үреміз (қол саусақтарын біріктіру, сосын жазу)
Шар үлкейе түсті (жаймен қолдарымен екі жаққа созу)
Шар кенет жарылып кетті (алақанын шапалақтау)
Жел шығып кетті «алақанға үрлеу)
Шар жіңішке, кішкене болып қалды(қолды бір - біріне қосу)
«Ешкілер»
Міне, көпір!( алақанды алақанға қою)
Міне сүзеген ешкі! ( тік саусақпен шынашақты алға созу)
Қыңыр мен қынар кездесе, сүзіседі( тік саусақ пен шынашақтар 8 рет қосылады)
Сүзісті, сүзісті. Төбелесті(алақан саусақтары айқастырылды)
Сосын өзенге құлап кетті(саусақтарын төмен, екі тізенің арасына кіреді)
« Шапалақта»
Кел балақан, балақан!
Шапалақта алақан
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денеңді.
Қолды қатты соқ енді,
Сарт, сарт, сарт.
«Сұрқоян»
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлерден.
Ытқып, ытқып жүгірді.
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Адымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен боп өседі.
«Аю»
Маймақ, аю жайраңдап.
Жүреді ол маймаңдап
Дейді Аю - біріне,
Бал бересің бір бөшке
Тіл кемістігі күрделі балалар мен логоритмика сабақтарын жүргізуде:
Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді.
Тыныс алуда, моториклық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады.
Логоритмикалық жаттығулардың маңызы
- aigul1974
- 11 шілде 2014
- 11466
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сауықтыру, оқыту, тәрбиелік, коррекциялық міндеттер
Ұқсас жаңалықтар:
Айналмалы әдіс сабағы
Дайындаған №2 ЖОББМ мұғалімі: А. Ш. Зарыкбекова Сабақтың өтілетің орыны. Мектеп спорт залы....Ертегілер, Сиқырлы түс
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақша І санатты дене шынықтыру маманы А. Б. Орынбаева...Бізде жасай аламыз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы І – ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г. Ғ....Ертеңгілік жаттығулар
«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны» Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс...Қоянмен серуенге барамыз
Алуа Анешовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.