Тақырыбы: Іскерлік ойын
Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп, бай тәжірибесін басқаларға өнеге ету, «Тіл дамыту» оқу іс - әрекетінің тиімділігін арттыру, біліктілігін жетілдіру.
Керекті құралдар: Стикер, түрлі - түсті шарлар, фломастер, ақ парақтар, плакаттар.
Шарты: педагог тәрбиешілер дөңгелек етіп орналастырылған үстелдер санына қарай орналасады.
І. Әділ қазылар алқасы сайланады.
ІІ. Тәрбиешілер өздері таңдап алған қызыл, жасыл, көк түстерге қарай үш топқа бөлінеді.
1 тапсырма: Әр топ өз тобын шығармашылықпен қорғайды яғни ат қою, сурет салу, өлең шығару.
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
2 тапсырма: Тіл дамыту оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың әдіс тәсілдеріне байланысты ілінген әр түрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
3 тапсырма: Актерлік қабілет
Әй, Асқар тау,
Кімге сен бағынасың!
Бойыңа әсемдікті,
тағып ап - сың.
Қаншама қадам жасап барсам дағы
Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың! Жеткізбей бір өзіңе қиналтасың!
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
4 тапсырма: Тәрбиешілермен шығармашылық жұмыстар:
Үш топқа жұмбақ құрастыру тапсырылады.
Бірінші топ - көбелек, ит, сағат
Екінші топ - гүл, түйе, телевизор
Үшінші топ – кітап, сағат, тышқан
Ұпайларына байланысты тәрбиешілердің омырауларына смайлик тағылады.
Құрметті тәрбиешілер, бүгінгі жүргізілген ойын барысында өзіміздің тілге бай екенімізді көрсеттік деп ойлаймын. Өткізілген жұмыс туралы пікірлеріңізді білдіріңіздер. Қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп алғыстарын айтты.
Әдіскер: Тіл дамытудың алға қойылған мақсат - міндеттерін жүзеге асыру үшін тәрбиеші алдын ала ұйымдастырып, өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесіне жүзеге асырады. Бұл баланың білімін ғана жетілдіріп қоймай қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмысында басшылыққа алатын басты мәселе балалардың ауыз екі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр.
«Қатынас» білім беру саласы бойынша тіл дамыту оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың әдіс - тәсілдеріне байланысты ілінген әртүрлі шарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Баланың тілін дамытудағы мақсаттары.
Жауабы:
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту.
3. Сөздік грамматикалық формасын қалыптастыру.
4. Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу.
5. Байланыстырып сөйлеуін дамыту
2. Тіл үйретудегі ерекшеліктер.
Жауабы:
1. Дамыту, тіл тазалығы.
2. Тіл тазалығы, тіл мәдениеті.
3. Сөздің дыбыстық құрылымы.
4. Мәнерлеп сөйлеуге үйрету.
5. Көркем сөз өнеріне баулу.
3. Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйретуде оқу іс - әрекетінің үлгі жоспарын айтып беріңіз.
Жауабы:
1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
2. Тәрбиеші әңгімені оқып беруі.
3. Оқылған «әңгіме» ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар беріп айтқызу.
4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.
4. Әр топтағы балалардың активтік сөздік қорын айтыңыз.
Жауабы:
1. І кіші топта 500, ІІ кіші топта - 1000, ортаңғы топта – 1200 - 1500.
5. «Тіл дамыту» оқу іс - әрекетінде ойынды пайдаланудың тиімділігі қандай?
Жауабы:
1. Оқу іс - әрекетінің басында, ортасында, соңында қолдану.
6. Стандарт бойынша
«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің (тіл дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі оқу іс - әрекеттерінің) жүктемесін айтып беріңіз.
Жауабы:
1. І кіші топта 1 сағат, тіл дамыту – 0, 5, көркем әдебиет – 0, 5.
2. ІІ кіші, ортаңғы топта 2 сағат, тіл дамыту 1 сағат, көркем әдебиет – 0, 5, орыс тілі – 0, 5.
7. Жемістер жөнінде оқу іс - әрекетінің қысқаша жоспарын айтыңыз.
Жауабы:
1. Жемістер туралы әңгімелеу (бұрын үйренген сөздерін қолдану)
2. Жемістер туралы өлең оқу (өлеңдегі салыстырмалы сөздерге көңіл бөлу
3. Суреттермен сөздік ойын ойнату
4. Өлеңде аталған жемістердің суретін салу, жапсыру.
Шие - (қызыл, домалақ, кішкене ұсақ, шар сияқты)
Алма – (домалақ, қызыл, сары, тәтті, қышқыл) үйренген сөздерін қосып, сөйлем құрату.
Қорытынды: Ойын соңында әділ қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайының қосындысын шығарып, қысқаша мінездеме беріп, жеңімпаздар анықталды.
Іскерлік ойын
- rain
- 13 маусым 2014
- 11071
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл дамыту, бала бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл дамыту бағдарлама
Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту. Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру...We are happy
Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтып үйрету, тілді білуге...Ақшақар мен түлкі
Қызылорда қаласы, "Бегім Ана " балабақшасының тәрбиешісі Бегимбаева Гүлбаршын Нұртайқызы...Түрлі-түсті дөңгелектер
Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдәурен» тобы Тақырыбы: Түрлі - түсті дөңгелектер Білім беру саласы: «Таным» Кіші сала: Сенсорика....Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.