Сайтқа кіру Тіркелу

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы:
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші; Құрметті «Құлыншақ» балабақша ұжымдары, ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Ақбота: Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Алмат:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.

Досат:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.

Манұр:
Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.

Диана:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Рахима:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.

Жұлдызай: Ән «Анашым»

Сақи:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

Ақтан:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.

Еркетай:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Жансая
Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.

Жұлдызай:
Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.

Ақбота: Ән «Біз өмірдің гүліміз»

Тұмар: Өз меншігің
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!...

Саян: Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

Алмат: Ән» Қошақаным»
Кеңшілік: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
Диана: Би «Хатуба»

Нұртілек: Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!
Ақбота: Би» Шығыс биі»

Хор: « Менің Қазақстаным»

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×