Сайтқа кіру Тіркелу

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі;
Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген
құштарлықты қалыптастыруға болады.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды»,
дейді.

Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады.

Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс - қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата - бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов:
«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.

Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай....
Бала тілін ойын арқылы дамыту

Бала тілін ойын арқылы дамыту

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...
Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі

Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды селосы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиешісі Назира Алиева...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×