Сайтқа кіру Тіркелу

Сыйқырлы пішіндер

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін артыру, заттарға қарап геометриялық пішіндерді салыстыру арқылы ажырату.
Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізге көптеген қонақ апайлар келіпті. Қане амандасайық. Шаттық шеңберіне тұрайық. (Шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасады) Жарайсыңдар орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Жақсы күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар, білеміз бе?
Асылайым: Күз мезгілінде күн суық болады. Жапырақтар сарғаяды. Нұрбек: Көкөністер мен жемістер піседі.
Аружан: Құстар жылы жаққа қарай қайтады да, суық торғайлар қалып қояды.
Осы кезде Нұрқанат келеді. Қолында шөптен жасалынған кішкене ұясы бар.
Т: Нұрқанат сен қайдан келе жатырсың? Неге көңіл күйің жоқ? Нұрқанат: Күн болса суық, мен суық торғайларға арнап папама ұя жасатып жатырмын. Бірақ ол аз торғайлар болса көп. Олар тоңып қалады деп уайымдап тұрмын. Т: Міне Нұрқанат нағыз құстардың қамқоршысы. Олай болса балалар Нұрқанат сияқты сендер де папаларыңа ұя жасатасыңдар ма? Онда Нұрқанат сен көңіл күйіңді түсіріп ренжіме, достарың сені қолдайды. Кел отыра қой. Ендеше балалар құстың ұясын папамызға қандай пішіннен жасайтынымызды ойланайық.
(Осы кезде пішіндер қонаққа келеді)
Т: Балалар бізге нелер келді?
Б: Пішіндер.
Т: Дұрыс айтасыңдар балалар. Қандай пішіндер келді? Түстері қандай?
Б: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Түстері қызыл, Көк, Сары.
Т: Жарайсыңдар балалар! Олай болса пішіндермен танысайық. Осы пішіндерді қағаздан қиып дайындайық та осылардан ұя құрастырып көрейік. Балалар сендер пішіндер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Б: Білеміз
Т: Онда әр пішін туралы тақпағын айтып сол пішінді тақтаға қойып кетеді.
Нарқыз: Құстарға ұя жасайық,
Үстіне қойып үшбұрыш.
Аманай: Әдемі үйшік болады,
Астына қойсаң төртбұрыш
Әлижан: Құс келсін десең ұяға
Дөңгелек қой ортаға.
- деп құрастырып шығады.
Т: Балалар тақтаға қараңдаршы ненің пішіні шықты?
Б: құстың ұясы
Т: Жарайсыңдар балалар. Ендеше тағыда бір ойын ойнап жіберейік. «Өз орнына орналастыр» ойынын ойнайды. Балалар жаңа тақтаға үш бала пішіндерден ұя құрастырып қойды иә. Қане бәріміз солай құрастырып көрейікші папаларымызға қандай пішіннен жасайтынымызды айтып береміз. (Столға тұрып құрастырып шығады) Жарайсыңдар балалар пішіндерді құрастыра біледі екенсіңдер. Ендеше мен сендерге Нұрқанаттың папасының жасаған ұясын көрсетейін.
Балалар қараңдаршы шынымен әдемі ұя болыпты иә сендерде папаларыңа қандай пішіннен жасайтындарыңды айтып осылай жасатып алыңдар.
Ой балалар тыңдаңдаршы ненің дауысы естіліп жатыр?
Б: Құстардың.
Т: Балалар құстар бізге ризашылығын білдіріп сыйлықтар қалдырып кетіпті.
Осымен балалар ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×