Сайтқа кіру Тіркелу

Торсықты әшекелеу

Білім беру саласы. Шығармашылық
Оқу - іс әрекеті: бейнелеу
Тақырыбы:»Торсықты әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық ою өрнектерімен таныстыра отырып ұлттық өнерді сүюге. еңбекке тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін
арттыру, торсықты әшекейлеу арқылы қолдарының икемдерін дамыту.
Көрнекіліктер: ағаш ұй бұйымдарымен, ұлттық жиһаздар, киімдер, заттар, тор - сықтың бейнесі,, штамп әдісімен жасалған оюлар, дамытушылық ойын.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты, алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз, жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар! қайырлы таң қонақтар!
Біз ерекше баламыз, айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде. қуана қарсы аламыз
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
- Кәне балалар бүгінгі күнге сәттілік тілейікші:
- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Ауамыз таза болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
Тәрбиеші:- Балалар біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстанда
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Өте дұрыс айтасыңдар балалар
- Біздің елде көптеген ұлттар тұрады, олар барлығы тату, дос. Біздер қазақ болғандықтан өзіміздің ұлттың қазақ киімдеріміз, бұйымдарымыз, сәндік қолтаңбаларымыз бар. Олардың бәрінде ұлттық ою - өрнектер бар.
- Балалар сендер осылардың бәрін көргілерің келе ма?
- Олай болса біз кәзір сиқырлы кілемшемен ұшып мұражайға барамыз.
Кәне бәріміз сиқырлы кілемшеге мінейік те көзімізді жұмайық.
(Балалар сиқырлы кілемге орналасқаннан кейін әуенмен ұшады, көздерін ашқанда алдарында ағаш үй тұрады, балалар сиқырлы кілемшеден түсіп
мұражайға келеді.
- Балалар мынау не?- Бұл ағаш ұй, бұл үйде қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық
аспап домбыра, қамшы. қоржын аяққап. сандық орналасқан. Сонымен қатар бұл мұражайда ыдыстар да бар екен: аққұман кеселерімен, тостағандар, торсық бар. Торсық деген ол қымыз, айран құятын ыдыс. Бұл заттардың бәрінде де қазақтың ұлттық оюлары бар. атап айтсақ: қошқар мүйіз, балта, тұмарша т, б,
- Ал балалар осы заттардың ішінде сендерге не ұнап тұр?
- Торсық
- Олай болса біз торсықты өзімізбен бірге топқа алып кетейік
(балалар кілемшеге отырып әуенмен топқа қайтады)
- Балалар мен торсық сендерге ұнады ғой олай болса біз осындай торсыққа
ою салып көреміз ба? Онда бәрің орындыққа отырып тақтаға назар аударыңыздар. Мына торсықта қошқар мүйіз оюы салынған, енді сендер осы оюларды ТРИЗ әдісімен алдарыңыздағы торсықтарға штамп әдісімен басып
саласыңдар(өзі жұмыс барысын көрсетеді)
- Ал енді балалар дұрыс отырып алып жұмысқа кірісеміз.
Жұмыс жасап болып, балалар сергіту сәтін жасайды:
Ал балалар тұрмайық
Ою өрнек сызайық
Қошқар мүйіз, тұмарша
Құстұмсық пен ирек су
Қолға қалам алайық
Әдемі, ою өрнек әлемі
Қылқаламды алайық
Ою өрнек салайық
Балалар оюларды салып болғасын, олардан осы ою өрнектер тұралы не білетіндерін сұрайды:
Қолтаңбасын әжемнің анық көріп,
Бұл кестенің сырына қанық болып,
Өнерімен өзгелерді тамсандырған
Қошқармүйіз өрнегін салып көріп
Камзол кием қынай бел
Толған ою өрнекке
Білесін деп сұрайды ел
Өнерімді көрмекке
Көйлек киіп әдемі
Тамсандырсам елімді
Түрлі түсті сән көйлек
Көз тартады не керек
Тәрбиеші: Енді естеріңе түсіріңдерші ою - өрнек туралы мақал - мәтелдерді
- Шебер көп жерде, өнер көп.
- Ою ойғанының ойы ұшқыр.
- Өнерлі бала тон пішер, тас жонар.
- Енді жұмбақ жасырамыз.
Кіруге адам батпайды, суға салса жатпайды
Ішіндегі заттарды аман - есен сақтайды (сандық)
Аузы бар тісі жоқ
Оны ұрмаған кісі жоқ (келі)
Оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өрнек әжеге қонаққа барамыз

Өрнек әжеге қонаққа барамыз

Қол таңбасын әжемнің анық көріп, Бұл кестенің сырына қанық болып, Өнерімен өзгелерді тамсандырған Қошқармүйіз өрнегін салып беріп....
Кеседегі қазақша оюлар

Кеседегі қазақша оюлар

Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен таныстыру. Бұл ыдыстарды тұрмыста тұтынатыны туралы балаларға түсінік беру. Кесені дәстүрден тыс жолдармен...
Сиқырлы сандық

Сиқырлы сандық

Ерте, ерте ертеде әдемі киіз үйде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні әже атаның көрпешесі жоқ екенін байқап оған көрпеше беруді ұйғарыпты. Әже...
Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

Ою - өрнектің тарихын зерттеп білу

“№21 Жалпы білім беретін орта мектебі” КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1 “В” сынып оқушысы Наурызбаева Айгерім Ғылыми – зерттеу жұмысының...
Ою-өрнек

Ою-өрнек

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×