Тақырыбы:"Бұл қай кезде болады?"
Мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту;
Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту.
Танымдық: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Т: Балалар неше жыл мезгілі бар?
Б: Төрт жыл мезгілі бар.
Т: Қандай?
Б: Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Т: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ендеше өз түстерімізге барып отыра қояйық!
(Қыс көк түс) Нұрбақыт, Асылай, Мөлдір.
(Көктем жасыл түс) А Нұргүл, Алина, Адинай.
(Жаз қызыл түс) Тоғжан, Нұралы, Нұргүл
(Күз сары түс) Дария, Әліби, Дильназ.
Т: Ендеше балалар кәне көзімізді жұмайық (музыка естіледі)
(осы кезде тәрбиеші сиқыршы киімін киіп алады)
Балалар қараңдаршы мені сиқыршы сиқырлап кетті. Мен енді сиқыршымын, міне сиқырлы таяқшам бар! Мен сендерге сиқырымды көрсетпес бұрын бір жұмбақ жасырамын! Сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар!
Жұмбақ
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Қыс мезгілінде
Т: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен!
Ендеше мен сиқырлы таяғыммен сиқыр жасаймын.
(сиқырмен «қыс» мезгілінің слайд көрсетіледі)
Т: (Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстар түсіндіріледі)
Кәне кім қыс туралы ақпақ біледі?
Нұрбақыт: Аналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек
Т: Рахмет, Нұрбақыт!
Т: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар ма?
Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Көктем мезгілінде.
Т: Жарайсыңдар ендеше мен сендерге тағы бір сиқыр көрсетейін.
(сиқырлы таяқшамен көктем слайды көрсетіледі)
Т: Көктем туралы кім тақпақ айтады?
А Нұргүл: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Т: Өте жақсы Нұргүл рахмет!
Жұмбақ
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Жаз мезгілінде.
(Слайд арқылы жаз мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)
Тақпақ
Тоғжан Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Т: Өте жақсы рахмет Тоғжан!
Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп көріңдер.
Жұмбақ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: «Күз» мезгілінде.
Т: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар! Ендеше мен сендерге сиқыр көрсетемін.
(Слайд арқылы күз мезгілі суреттері көрсетіледі, түсіндіріледі.)
Тақпақ
Дария: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Т: Рахмет Дария.
Балалар сендер жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды көрдіңдер, білдіңдер, ендеше балалар көзімізді жұмып, міне тағы бір сиқыр көрсетемін.
(Балалар көздерін жұмып отырады)
Т: Балалар қараңдаршы мен сиқырлы таяқшаммен шараларды ұшырып әкелдім. Бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Мен бұл шарларды сиқырладым. Ішінде не жасырынған көргілерің келеді ме?
(Шар жарылады, ішінен ойын тапсырмалар шығады)
Ойын тапсырма: «Өз белгіңді тап!»
Ойын шарты түсіндіріліп ойнатылады.
(Екінші шар жарылып қимылды ойын шығады)
Қимылды ойын: «Құбылыстарды көрсет»
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауды себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(қимылмен көрсетіледі)
Қортынды: Балалар міне біздің бүгінгі ҰОІӘ - міз таңғажайып сиқырлы болды.
Сендер не көрдіңдер? Нені білдіңдер?
(Балалар өз ойларын айтады)
Ендеше балалар осымен ұоіә аяқталды. Қонақтармен қоштасайық!
Бұл қай мезгілде болады?
- Шайым
- 5 мам 2014
- 35380
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бұл қай мезгілде болады
Ұқсас жаңалықтар:
"Қызықты қазақ тілі"
Мақсаты: балалармен жыл бойы өткен материалдарды («Отбасы»,«Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Дене мүшелері», «Киімдер»,...Табиғат туралы жұмбақтар (қыс, көктем, жаз, күз)
Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. (Күз )...Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Табиғаттың таңғажайып әлемі
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға,...Қысқы табиғат
Тәрбиеші: Интыбекова Ж. А....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.