Сайтқа кіру Тіркелу

1-ден 10-ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер. Шар, текше, цилиндр, пирамидамен таныстыру.

Тобы: «Жұлдыз» ересектер тобы.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар. Геометриялық денелер. шар, текше, цилиндр, пирамидамен таныстыру.
Мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға көлемді денелер: шар, текше, цилиндр, пирамида туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөйлеуге дағдыландыру. Ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: қайталау, түсіндіру, ойын.
Билингвизм: шар - круг, текше - куб, цилиндр, пирамида..
Қолданылатын көрнекіліктер: теледидар, компьютер, тақырыпқа сай слайдтар, суреттер

Мотивациялық - қозғаушылық Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ашық оқу іс - әрекетімізге қош келіпсіздер!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн, апайлар!
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар тәрбиешімен бірге көтеріңкі көңіл - күймен шаттық шеңберін орындайды.
Ұйымдастыру - іздестіру - Балалар, қазір сендермен «Таным» білім беру саласы бойынша, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ашық оқу іс - әрекетін жүргіземін. Сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін!
Өткенді қайталау:
- Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?
- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?
- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /
- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар?
- Бұл жай пойыз емес, «Көңілді пойыз»
Қазір «Көңілді пойыз» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қосып азайтуға байланысты алған білімдерін бекіту.
Пойызға жолаушылар мінеді. Бірақ біздің бүгінгі жолаушыларымыз аңдар. Тапсырма, аңдарды ретімен өз вагондарына отырғызу керек. Паровозға артылған вагондар саны 10. Жолаушыларды тапсырманы дұрыс орындап, вагондарға отырғызайық.
1 - вагон 2 - 1=1 Арыстан
2 - вагон 4 - 2 = 2 Піл
3 - вагон 0+3 = 3 Керік
4 - вагон 5 - 1 = 4 Түлкі
5 - вагон 2+3= 5 Қоян
6 - вагон 3+3= 6 Мысық
7 - вагон 8 - 1= 7 Қасқыр
8 - вагон 6+2= 8 Ит
9 - вагон 5+4= 9 Маймыл
10 - вагон 7+3=10 Аю
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар мадақталады.
Сергіту сәті:
Сыңгыр - сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік.
Сол қолымда білезік,
Қолдарымда сақина.
Санап көрші, кәнекей?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
- Балалар сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Дұрыс, жарайсыңдар!
Жаңа тақырып:
- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.
Қазір сендерге геометриялық денелер туралы ертегі айтып беремін. Мұқият тыңдап, назар аударыңдар.
Сиқырлы геометриялық денелер.
/Слайд көрсету арқылы ертегіні айтып беремін./
Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.
Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.
Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.
Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.
Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.
Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.
Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.
- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
- Ертегі нелер туралы екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.
- Назарларыңды экранға аударыңдар.
/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./
Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.
Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.
Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.
Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.
Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.
Пирамида екі тілде осылай аталады.
«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.
Сергіту сәті:
Саяхатқа барамыз,
Дорбамызды аламыз.
Эй бұл кім? Эй бұл не?
Бұл тау.
Астынан өте алмаймыз,
Үстінен өте алмаймыз.
Кеттік тура. / қолдарын жұдырықтап бір - біріне ұрады/
Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.
Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.
Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.
Электрондық технологиямен (компьютер) жұмыс:
тапсырма.
Берілген тапсырмадағы геометриялық фигураларды атап көрсет.

- Рахмет!
10 көлеміндегі сандарды.
Балалар 3 тілде тура және кері санап береді.
- Пойыз

Балалар 10 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
шаршы, сопақша, ромб, трапеция
көп бұрыштар: бесбұрыш, алтыбұрыш, сегіз бұрыш
- Ұнады.
- Сиқырлы геометриялық денелер туралы.

Балалар слайдтан көрген ұқсас заттарды атап отырады.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту, саусақ жаттығуларын жасады.
Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Рефлексивті - түзетушілік Қорытынды:
«Сиқырлы фигуралар әлемі» дидактикалық ойыны ойналады.
Мақсаты: Геометриялық фигураларды, денелерді көлемі, өзара ұқсастығы бойынша құрастыру.
Балаларға геометриялық фигуралар, денелер, пирамидалар, лотолар, пазылдар таратылады. Фигураларды көлемі, өзара ұқсастығына байланысты құрастыру тапсырылады.
Балалардың жұмысы мадақталады.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нелермен таныстық?
Геометриялық денелерге нелер жатады?
- Жарайсыңдар.
Бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміз аяқталды белсене қатысқандарың үшін сендерге алғысым шексіз.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады.

- Геометриялық денелермен.
- Шар, текше, цилиндр,
пирамидалар жатады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура кері санауды, қосып азайтуды, геометриялық фигуралар түрлерін біледі.
Нені білу керек: Қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттар түрлерін ажырата білу керек.
Нені меңгерді: Геометриялық денелер түрлерін таныды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру ә)...
11-ден 20-ға дейінгі сандар

11-ден 20-ға дейінгі сандар

Сабақтың мақсаты: - 11 - 20 дейінгі сандарды санап, цифрларды тани білу; гео.фигур. ажырата білу; - Сандардың ретін, қатарын анықтай алу, бүтін,...
Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш

Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...
Геометриялық денелер тобының проекциялары

Геометриялық денелер тобының проекциялары

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ - ің бейнелеу, сызу, технология пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Мәлік Файзоллаұлы...
7 саны

7 саны

ШҚО, Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×