Сайтқа кіру Тіркелу

Менің құқығым және міндеттерім

Тақырыбы: Менің құқығым және міндеттерім
Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, суреттер, ертегілер
Сабақтың түрі: тақырыптық сабақ
Сөздік: Конституция, құқық, міндет

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр бала өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

ІІ. Әнұран орындалады.
Балалардың назарын Ата Заң кітабын аудару.
- Конституция – бұл біздің еліміздің басты заңы. Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

1. «Бала құқығы» бекеті.
- Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

Өмір сүруге, отбасына тәрбиеленуге, білім алуғ, демалуға, денсаулықты сақтауға т. б.
Балалар суреттерді алып тақтаға іледі.
- Енді, сендерге түсінікті болу үшін өздеріңе белгілі ертегілерді мысалға келтіре отырып, осы құқықтарды қарастыруға тырысамыз.
-«Бауырсақ» ертегісі - өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды.
-«Тазша бала» ертегісі – сөз бостандығына
-«Ұр, тоқпақ» ертегісі – дүние мүлкіне
-«Кір, қоймас» ертегісі – денсаулыққа

2. «Ертегі» бекеті.
Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топқа ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады. (бірнеше қиықтарға бөлінген) Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.

«Мыстан кемпір» - ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді.
«Карлсон» - шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады.
«Тоты құс» - адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау - бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған.

«Теңге жинау» - ойыны
«Ойлан, тап» ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
- Ер Төстік +
- Мыстан кемпір –
- Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –
- Шық бермес Шығайбай –
- Қызыл Телпек +

Өте тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер! Өздеріне қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер.
«Мәре» бекеті – Рефлексия.

Павлодар қаласы, «№ 126 сәбилер бақшасы» МҚКК
Балалардың эстетикалық даму орталығы
қазақ тілі мұғалімі Тукенова айман Айтмухамедовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×