Тақырыбы: "Топжарған" білім сайысы
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, білімділігін, тіл байлықтарын дамыту. Сайыста өздерін еркін ұстауға, ойын ашық айта білуге дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Құрметті бүгінгі «Топжарған білім» сайысына қатысып отырған қадірменді әріптестер, ұстаздар қауымы, балабақша бүлдіршіндері, қонақтар!
Оқу жылы басталғаннан бері, балабақшамызда әр – түрлі іс – шаралар, қызықты ойындар, білім сайыстары, мерекелік ертеңгіліктер көптеп өткізілуде. Осындай тәрбиелік іс – шараны өткізудің бір үлесі бізге де тиіп отыр. Сол себепті де бүгінгі «Топжарған – білім сайысын» ұйымдастырып, өткізе отырып, сіздерге тарту етпекшімін. Сайыстың шарты мен тәртібі, мақсаттары белгіленген.
Ендеше, ортаға назар салайық, қол соғып қарсы алайық білімпаздар ортаға келсін!
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Өткелі жатыр қызықты
Өнер, білім сайысы
Келіп тұр міне ортаға
Білімге құштар балдырған
Ақылы мен білімі талайды таң қалдырған
(ортаға сайысқа қатысушы балалар келіп тұрады)
Тәрбиеші:
Шеберлікті білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ - қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер(қазылар алқасын сайлау)
Құрметті әділ - қазылар, сайысқа қатысушылар жеребе тастап сайыскерлеріміздің ретімен танысайық
( жеребе тасталады) балалар ортаға дөңгелене тұрады:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Ақылдымыз алғырмыз
Бәрін біліп аламыз.
Бәрімізге сәттілік!
Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық. Қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдеріңді көрсетіп сайысқа түсесіңдер
Әділ қазылар, бүлдіршіндер «Топжарған»білім сайысының бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Дарынды, білімді балаларды іріктеу мақсатындағы білім сайысы алты бөлімнен тұрады.
1. Танысу ( мұнда балалар кеспе әріптерден өз есімдерін құрастырып, есімінің бас әріпіне сәйкес сөз тауып айтады)
2. «Білім орталы»( білім орталығында балалар сұрақтарға жауап беріп, «сөз қоржыннан» сөздер алып оқиды, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды)
3. «Өнер»орталығы.(өз өнерлерін көрсетеді)
4. «Тіл»орталығы (мақал айтып, санамақ айтып жарысады)
5. «Шебер саусақтар»(пішіндерден түрлі заттар құрастырады)
6. Қорытынды.(марапаттау)
Өту барысы:
1 - Кезең: Балалар өздерін таныстырады.
2 - Кезең: «Білім орталығы»
Күн шыққанда табиғат таңданады
Көп оқысаң көңліңде шам жанады,- дегендей балалар білімдерін ортаға салады.
Сұрақ қоржыннан конверт алады, сұрақтарға жауап береді әр конвертте үш сұрақтан.
Сөз қоржыннан сөздер алып оқиды, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.
Бой сергіту жаттығуы:
Кәнекей кел ортаға
Бой сергітіп алайық
Ақылыңа ақыл қос
Жалқаулықпен болма дос(сергіті сәті)
Кел балалар кәнекей,
Парақтайық әліпби,
Талай қызық күтуде,
Бәрімізді әліде,
Жалықпа сен жалықпа
Оқы – тоқы арманда,
Бәрін білген балаға жақын болар алыста(2 рет)
3 - Кезең «Өнер орталығы»( балалар өнерлерін көрсетеді)
Өнерлі елден өнерлі ұл - қыз шығады дегендей біздің бүлдіршіндер өнерлі екен. Бойларында от бар екен байқадық, шоқ бар екен байқадық. Әрқашанда осы өнерді өшірмей жалындатып, шарықтаңдар.
4 – кезең: Сайысымыздың келесі кезегінде «Алтын алма, білім ал» деген халық даналығы, енді тіл сайысына кезек берейік(мақал, санамақ айтады)
5 – кезең:
Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын демекші келесі кезегінде «шебер саусақтар»
6 – кезең: Әділ – қазыларға сөз. Сайыс жеңімпазын марапаттау.
Қорытынды:
Ішкі жан дүниесін нұр шалған адам ұғымтал, білімдар, іскер, еңбеккер келеді.
Ол нұрдың аты оқу, ғылымға құмарту, білім теру. Білімін үздіксіз іздеу ғана адамды тоқтаусыз өсіреді. Осыны ұмытпаған ұтады, әрқашанда от жүректі, намысшыл азамат, отаншыл болыңдар. Ал енді « Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» шеберлікті шеберден, іскер ұстаздан үйренген шәкірттің өнері бәрінен де артық тұратыны анық. Өнерлерің өрге жүзіп әрқашан білім биігінен көріне берулеріңе тілектеспін.
Топжарған білім сайысы
- Kiyas Ardak
- 12 наурыз 2014
- 11709
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сайыс сабақ, бала-бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Үлгілі тәрбиеші сценарий
Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Үлгілі тәрбиеші» атты сайысымызға қош келдіңіздер!...Біз спортшы жанұямыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік...Әлемді әнімен тербеткен - ана!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, «Мөлдір» балабақшасының музыка жетекшісі Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна...Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Cабақтың мақсаты: Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету. Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа ата - анамен байланысты қамту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.