Білім саласы: Таным ҰОІӘ: ҚМТҚ
ҰОІӘ тақырыбы: Нешінші?
Мақсаты: Реттік санау туралы білімдерін бекіту, нешінші сұрағына дұрыс жауап бере білуге үйрету, 5 - ке дейінгі санауды жетілдіру.
Көрнекіліктері: үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратып.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді, аламыз.
- Өте жақсы балалар екенсіңдер!
- Балалар, қазір бізге математика сабағы.
- Балалар жылдың неше мезгілін білесіңдер?
- Жылдың төрт мезгілі бар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі.
- Көктемде неше ай бар?
- Көктемде 3 ай бар.
- Қазір қандай ай?
- Наурыз айы.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Ендеше доп лақтыру арқылы апта күндерін атап шығайық.
Есіктен Тапқышбек кіреді, қолындар конверт.
- Таптым, таптым!
- Сәламатсың ба, сен кім боласың?
- Мен Тапқышбекпін! мен математика патшалығынан келдім! Мен сендердің
білімдеріңді тексергелі келдім! Мына конвертте сұрақтар бар.
Сұрақтарды оқиды.
1. Санамақ айту
2. 5 - ке дейін тура және кері санау.
Балалар тапсырманы орындайды.
- Балалар, қане бәріміз түзу, әдемі отырайық! Көтеріңкі көңіл - күймен сабақты бастайық.
- Тапқышбек, сен біздің балалардыңәрі қарай сабағын тыңдағын келсе отыра ғой.
(Тапқышбек орындыққа отырады)
Тәрбиеші тақтаға 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын іледі. Балалардың әрқайсысын шақырып цифрларды қолдарымен көрсетіп, дауыстап санап береді. Тәрбиеші тақтаға плакат іледі.
Плакатта цифрлар орналасқан, әр цифрлардың тұсындағы қалташаға балалар зат орналыстырады.(Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады.)
Тәрбиеші кез - келген санды айтады, балалар сонша зат көрсетеді.
(орындарында отырып.)
- Балалар, сіздер қандай ертегілерді білесіңдер, естеріңе түсіндіріндерші?
-«Бауырсақ»,»Шалқан»,»Үйшік» т. б.
-«Шалқан» ертегісі қалай басталады? Балалар естеріңе түсіреді. Шалқанды ата, одан кейін әже, қызы, иті, мысығы, тышұан тартады.
Тәрбиеші ретімен кейіпкерлерді қояды.
- Балалар ата нешінші тұр? Бірінші
- әже нешінші тұр? Екінші
- Қыз нешінші? Үшінші
- Ит нешіншщі? Төртінші
- Мысық нешінші? Бесінші
- Тышқан - соңғы
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіптіде,
Ұстай алмас жіптіде.
Екі саусақ бірікті:
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды
Жүгіртемін қаламды.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
- Жақсы жарайсыңдар!
Тәрбиеші тақтаға геометриялық фигураларды іледі.
- Балалар, мен тақтаға нені ілдім?
- Геометриялық фигураларды.
- Қандай фигуралар?
- Көпбұрыш, сопақша, үшбұрыш, дөңгелек.
- Балалар, бізге Тапқышбек ойын ала келіпті:
Д\о: «себетті толтыр»
Тапқышбек себеттен сандарды шығарады, балалар сонша затты себетке салу керек.
Д\о: «Адасқан санды тап»
Тәрбиеші цифрлардың орнын алмастырып қояды, балалар цифрларды орнымен қою керек.
Тәрбиеші:- Балалар бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?
- Тапқышбектің тапсырмасын орындадық. «Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлердің нешінші орналасқанын анықтадық. Бүгінгі сабаққа бәріңде жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!
Нешінші?
- vini
- 28 ақпан 2014
- 23931
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала-бақша, математика, сандарды үйрену
Ұқсас жаңалықтар:

Біз бір жылда не үйрендік?
Балалардың білім, білік, дағдыларын қорытындылау, жыл бойы меңгерген білімдерінің деңгейін бақылау, ойлау қабілеттерін, зейінін, тіл байлықтарын...
4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Корганбаева Ардак Куанишовна...
Сен білесің бе?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы ІІ - ші кіші топ тәрбиешісі Ниетбаева Г. А....
Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...
Оң жақта, сол жақта
Ақтөбе қаласы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебі "Бала би" шағын орталығы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.