Сайтқа кіру Тіркелу

Мейірімділік жүректен

Тақырыбы: Мейірімділік жүректен...
Мақсаты:
Жанашырлық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
- Қамқорлық жасауға жетелеу;
- Мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: теледидар, бейнетаспа, үнтаспа, «Түймеқыз» ертегісінен үзінді, қызыл және жасыл түсті ермексаз, ағаш сұлбасы, иілгіш сым темір, доп.
Шаттық шеңбер
Балаларды шеңберге жинап:
Қайырлы күн, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын, бүгін күн ерекше нұрын шашып тұр, осы көңіл күйімізбен «Ертегілер әлемі» әнін айтайық.
Ән «Ертегілер әлемі»
Әңгімелеу
- Балалар, қазір орындалған «Ертегілер әлемі» әні не туралы?
- Ертегілер әлемінде кімдер тұрады?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Сүйікті ертегі кейіпкерлеріңді атаңдар.
- Ол кейіпкерлердің мінездерінің қандай қасиеттері сендерге ұнайды?
- Балалар, бүгін мен сендерге бір ертегі үзіндісін дайындап қойдым, соны көрейік.
«Түймеқыз» ертегісінен үзінді тамашалау
• Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
• Қалай ойлайсыңдар, Түймеқыздың бойында қандай қасиеттер бар екен?
• Балалар, сендер Түймеқыздың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
• Күнделікті қандай мейірімді іс - әрекеттер жасауға болады?
Сергіту сәті
Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын /қолды соғу/
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын /бір - біріне қол бұлғау/
Жылы - жылы жүзбенен
Маңдайыннан сипайын /сипау/
Жылы - жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын /жүректі ұсыну/
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын /қолды қысу/
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын /құшақтасу/
Үнтаспадан баяу күй ойнайды
«Балапанды құтқару»
Балалар, қараңдаршы, ұядан балапан түсіп қалыпты.
Балапанды мейірлене алақанымызға салайықшы, ол тоңып қалыпты, дір - дір етеді, ыстық лебімізбен балапанды үрлеп жылытайық, алақанымызда тербетейік, өзіміздің жүрегіміздің соғуымен балапанның жүрегін оятамыз, алақанымызды жүрек тұсына жақындатамыз, күнге көтеріп жылытамыз, құлағымызға жақындатып жүрегінін соғысын тыңдайық.
- Балалар, жүрегінің лүпілін естіп тұрсыңдар ма?
- Балапанның жүрегі қалай соғады? Тук - тук, тук - тук.
- Балалар, балапан сендерге рахмет айтады, тыңдандаршы...
- Балалар, балапанымызды ұшырып жіберейік...
• Биікке самғай бер!
• Қанатың талмасын, балапаным!
• Жолын болсын!
• Аман бол, құсым!
• Адамзатты аяла!
• Табиғаттың сәні бол, адамзаттың әні бол!
Дәйек сөз:
- Балалар, мейірімділік жүректкен демекші, сендердің кішкентай жүректерің, ұядан түсіп қалған балапанды оятып, жүректеріңнің жылуымен жылытып, балапанға өмір сыйладыңдар.
- Балалар, не сезініп тұрсыңдар?
Мен қуанып тұрын, ал сендер өз көңіл - күйлерінді ермексаздан жүрекшелер жасап көрсетіңдер.
Шығармашылық сәт
Балалар қызыл түсті ермексаздан жүрекшелер, жасыл түсті ермексаздан жапырақтарын жасап, Мейірімді ағашқа іледі.
Ойын: «Дүниеде не мейірімді?»
Допты лақтырып сұрақ қою.
- Балалар, дүниеде не мейірімді?
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді!
Балалар, бүгін біз балапанға көмек көрсете отырып, «жанашырлық», «мейірімділік», «қамқорлық» деген сөздерді іс - әрекет арқылы түсіндік. Балапан – табиғат бөлшегі. Табиғатқа, бір - бірімізге, мен сендерге, сендер маған, үлкен кісілерге, ата - аналарымызға, достарымызға, өзімізден кішілерге қамқор, мейірімді болайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×