Сайтқа кіру Тіркелу

Ойнайық та, ойлайық

Тақырыбы: « Ойнайық та, ойлайық»
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
- Өткен тақырыпты қайталап, пысықтау. Сөз, сөйлем туралы ұғымдарын тереңдету. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын ойын арқылы жетілдіру.
-- Балалардың сөздік қорын әрі қарай дамытып, қойылған сұраққа ойланып, толықтай, мазмұнды жауап беруге үйрету, білімге деген құштарлығы және жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Әдісі: сұрақ қойып – жауап алу, әңгімелету, ойын ойнату.
Көрнекілігі: Суреттер, текшелер, сөз жұмбақ, күй табақ.
Ұйымдастыру кезеңі: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай – салаға қашады.
Ағаш басы бүршік жарып
Гүл бәйшешек ашады.
Балаларым айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Көктемде.
- Балалар, сендердің көктем мезгілін жақсы көретіндерің байқалып тұр. Ендеше көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
1 - бала. Көктемде күн біресе жылып, біресе суыйды, жаңбыр көп жауады.
2 - бала. Наурыз айы – ерте көкткм. Қар еріп, бәйшешек шығады.
3 - бала. Сәуір айында жеміс ағаштары гүлдеп. Қызғалдақ, сарғалдақтар гүл ашып, айнала көкке оранады.
4 - бала. Мамыр айында күн ыси бастайды. Сондай - ақ қарлығаштар ұшып келеді.
Көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер?
1. Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада жайнаған,
Құстар әні төгілді.
2. Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырған жердің жүзі,
Жан - жануар, адамзат анталаса
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
- Бұл кімнің өлеңі?
- Абай атаның.
- Көктем туралы жақсы айтыңдар. Біз бүгін сабағымызды
жарыс түрінде өткізсек, қалай ойлайсыңдар.
Ол үшін әр топ өзіне ат қойып алуы керек. Қане, бірінші топ өзіне қандай ат ойлады?
1 - топ. Біз. «Гүлдер» тобы боламыз.
2 - топ: Біз «Сұңқар» тобы боламыз.
Олай болса әр топ осы екі топ бір - біріне сәлемдесіп қойсын.
Біз - Гүлдерміз, бәріңе шуақты күн, әсем гүл шоғын сыйлаймыз. «Сұңқар» тобына тобына бізден сәлем.
- Біз – Сұңқармыз, биікте самғап, барлығыңа тыныштық тілейміз.
«Гүлдер» тобына бізден жалынды сәлем.
Өте жақсы, енді әр топ өзіне көп ұпай жинауы үшін, менің сұрақтарыма дұрыс жауап беруі керек.
- Аптаның бесінші күні, жұма күніне арнап қандай нақыл сөздер үйрендік?
- Ата сөзі - қасиетті, киелі
Ата сөзі – жанға жылы тиеді.
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді.
Сәлем берсең иіліп
Сәлеміңе сүйсініп,
Апам жақсы көреді
Ақ батасын береді.
Қай топ көп тыйым сөздерді біледі екен? (ұйымдастыру)
* Текшемен жұмыс жасау, сөздер жаздыру.
Оқушы, дәптер, кітап, айнала, көктем.
А -– ана. Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
И – ит. Ит – жеті қазынаның бірі.
3. Б – бала. Балалы үй базар.
4. Л – лақ. Мен лаққа су бердім. Т. б.
Сергіту сәті: Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз.
Денемізді бос ұстап
Билеп - билеп аламыз.
• «Кім жылдам» а) екі топқа сөзді орнына жинау.
2 1 4 3 3 4 2 1 5 6
а д л а ң б а ж ы р
ә) Қай әріп түсіп қалды?
До тар қа ың
Ө ен От н
Ба ша мер ке
б) қай әріп жалғануы керек?
қ а
Құла домбыр
в) Сөз жұмбақ шешу. Жеміс - жидек туралы.
қ а рбыз
а л мұрт
ли м он
алш а
•Мәтінді оқыту. Көктем.
Сәуір айы. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік атты.
Аю.
Ертеде бір болыпты. Бұл аю балды жақсы көреді екен. Бірде ол балды көп жеп қойып, тісі қатты ауырды.
Ойын: «Қай сөз артық»
А) Бөрік, өрік, шие, құлпынай.
Ә) күлкі, түлкі, қоян, қасқыр.
Б) қалам, қала, кітап, өшіргіш.
В) шәй, май, бай, тұз.
Г) қауын, жауын, қарбыз, сәбіз.
Ғ) бет, ет, мұрын, ауыз.
Д) үш, бес, сегіз, семіз,
Е) тіл, піл, тіс, ерін.
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеттер өте қызықты өтті, енді ұпайларды есептеп, қорытындылайық. Екі топта бірдей ұпай жинапты, достығымыз арта берсін!
Кері қайту
Ілмек сөздер: бала-бақша, ойын сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×