Сайтқа кіру Тіркелу

«Қазақ елім- Отаным»

Тақырыбы: «Қазақ елім - Отаным»
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Жүргізуші: Таңғажайып атыңда дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Туған елім көкке жетті көк туың,
Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Атыңнан айналайын егемен ел!
Тәуелсіздік 32жылың кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәулсіздік,
Ғасырдың тойы болыпкеле берер.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі «Қазақ елім - Отаным» атты тәуелсіз еліміздің 32жылдық мерейтойына арналған салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді Қазастан Республикасының Әнұранымен ашайық...
Ән ұран: «Менің Қазақстаным»
Жүргізуші: Елімізде әрқашан тыныштық, бейбітшілік, достық, татулық болсын. Тойымыз тойға ұлассын!
Жүргізуші: Тәуелсіздік тұғырым,
Түсіндім кеңіп ұғымын.
Өзің бол енді мәңгілік,
Қуанышым да қызығым.
Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған тақпақтарға кезек берейік.
Еркеназ: Мерекенің бірі бұл,
Ерлік елдің үні бұл.
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік күні бұл!
Исламбек: Тәуелсіздік тұғырым,
Түсіндім терең ұғымын.
Өзің бол енді мәңгілік,
Қуанышым да қазағым.
Айдa: Жүрегімде сақтарым,
Маңызды деп тапқаным.
Асқақтаған ән ұран,
Елтаңба, Tу мақтаныш.
Қазақстан Республикасының рәміздері: Әнұран, Елтаңба, Ту.
Альфия: Жапа шеккен кең далам,
Бодандық кез құрысын.
Еркін ұлсын сен балам,
Тәуелсіз ел ұланы.
Жанель: Отан деген ата мекен,
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен.
Нұрасыл: Тәуелсіздік жолында,
Талай мәрте тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Диас: Ешкімге де бас ұрма,
Алғысыңды айт уақытқа.
Тәуелсіздік қасында,
Басқа бақыт бақыт па.
Хор «қазақ тілін құрметте»
Жүргізуші: Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Жүругіші: Енді балалар «Тәуелсіз елдің бәләмді ұрпатары» атты интелектуалды ойынымызд бастаймыз.
1) Тәуелсіздікке неше жыл болды? 32 жыл
2) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? «Елтаңба», «Әнұран», «Ту».
3) Біздің сүйікті Отанымыз қалай аталады? «Қазақстан»
4) Еліміздің астанасы қай қала? «Астана»
5) Бас қала қай қала? «Алматы»
6) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
«Н. Ә. Назарбаев»
Жүргізуші: Балалар өте жақсы ойнадыңдар. Сендер өздерің жайында мағлұматты көп біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет!
Жүргізуші: Би «Қара жорға»
Жүргізуші: Ар намысты асқақ рухты ата бабамыз аңсап күткен, келешек ұрпаққа жарқын жол көрсеткен азаттық пен тәуелсіздігі жарқын жарқын болашақ өміріне үлкен үміт пен армандарына қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Хор: «Атамекен»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Қазақ елім – Отаным» атты ертеңгілігімізді аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет! Сау болыңыздар!

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы
Мергенова Динара Мырзасейтқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×