Білім саласы: Қатынас
Ұымдастырылған оқу іс - әрекет бөлімдері: Көркем әдебиет, Тіл дамыту.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру, Әр балаға өз отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету.
Дамытушылығы: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру.
Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбишінің оқу іс - әрекеті.
Баланың іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушысы.
Сәлемдесу – тәрбиенің басы,- деп қонақ апайлармен амандасу.
Шаттық шеңбер.(дөңгелек шеңберден ленталарды ұстап айту)
Бақыт - біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт - біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт - біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт біздің тату - тәті отбасымыз!
Бақыт біздің бала бақшаға келгеніміз!
Ұйымдастырушы оқу іс - әрекет
Балалар қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын, қар жауады, адамдар жылы киінеді, аяз болады, боран соғады, шанамен бала бақшаға келеміз.
Өте жақсы біледі екенсіңдер.
Іздену ұйымдастырушы. Суреттермен жұмыс.
Біз бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас бір отбасында тұрады. Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ата мен әжелер демалыспен тыныштықты ұнатады.
Ғажайып сәт: Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен әжеге амандасу.
- Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе, әже? – деп қарсы алады.
Ата мен әже: Ал, балалар! Қандай өнерлерің бар? Біз соны көрейін деп келдік.
Балалар: ата, әже біз сіздерге әдемі отбасы туралы тақпақ айтып береміз.
Ата мен әже балаларға мақал - мәтелдерді айтып түсіндіріп береді.
Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Рахмет әже біз үлкендердің айтқанын тыңдаймыз ақылды бала болып өсеміз.
Сергіту сәті: Бас бармағым атам - үйдің данасы,
Балан үйрек әжем – ошақ анасы,
Ортан терек әкем – отау панасы,
Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары.
Фонетикалық жаттығулар. Хор мен қайталау:
А – а - а - ата.
Ә - ә - ә - әже
Ә - ә - ә - әке
А – а – а – ана
Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды.
- Мынау менің атам,
Мынау менің әжем,
Мынау менің әкем,
Мынау менің анам,
Мынау мен өзім Хидаят!
Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?»
Үйдің ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.)
Рефлексивті
Коррекциялаушы
Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
- Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз қандай отбасымыз?
- Біз бақытты отбасымыз
Біз қай елде тұрамыз?
- Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
Ата мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің құралдарымыз қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып беріңдерші.
Кане, балалар! Ата мен әжеге көмек берейік. Ата мен әже құралдарын бөліп беру.
Ата мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің айтқанын тыңдаңдар. Бала бақша сендердің екінші үйлерің балалар! Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын таратады.
Менің отбасым
- -Ардак
- 13 ақпан 2014
- 58557
- 0
- 0
Ілмек сөздер: отбасы, бала-бақша, ата-ана, әже
Ұқсас жаңалықтар:
Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту. Сабақтың міндеттері: • Тәуелдік жалғауды бекіту....Менің отбасым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы, «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі Шарафиева Динара Равхатовна...Отбасымыз
Мақсаты: Білімділік:Отбасы мүшелері туралы мәлімет беру.Отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін меңгету. Тәрбиелік.Үлкендердің айтқанын бұлхытпай ...Отбасы. Сенің отбасың
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынбасарова Нұргүл...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.