Сайтқа кіру Тіркелу

Киелі сандарға саяхат

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».
Оқу іс - әрекеті: қарапайым математикалық ұғым, тіл дамыту, айналамен таныстыру, бейнелеу, жапсыру
Тақырыбы: «Киелі сандарға саяхат»
Мақсаты: Сандарға байланысты заттық, ұлттық ұғымдарды меңгерту. Имандылық, ізгілік, адамгершілікке тәрбиелеу. Сенсорлық қабылдау теориялық ойлау деңгейін дамыту.
Сөздік жұмыс: кем, бір, қосақ бір қосағы кем, жетінші түстің жұбы жоқ.

Балалар, бізде бүгін қуанышты күн, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға достық шеңберімізді құрып, амандасайық, біз бір - бірімізді өте жақсы көреміз, тату достармыз, қане қол ұстасып бір - бірімізге жылу сыйлайық, (Балалар шеңбер құрып тұрады) біз күнде күнге қарап, күннің оттың жылуына жылынып, өзімізге жақсы тілектер айтыуымыз керек. Сонда күні бойы көңіліміз көтеріңкі болып, күніміз жақсы өтеді.
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле таратты.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәлеметсіздер - ме, апайлар!

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз.
Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай бар.
Дұрыс айтасыңдар, үш ай бар, саусақпен санайықшы?. Қыркүйек, қазан, қараша.

Ғажайып сәт.
Ой, балалар, қараңдаршы бізге Дана атамыз қонаққа келіпті. Сәлеметсіз бе!

Дана ата:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді тәртіпті, үлгілі, жақсы балалар деп естіп, сендермен киелі сандар мекеніне саяхатқа бірге барайын деп, өзімнің жылуымды ала келдім.
- Ой, балалар, Дана атамыз бізге не алып келген екен?
От, жанып тұрған шырақ алып келіпті.
Барлығымыз отқа жылынып өзіміздің тілектерімізді білдірейік.
(Балалар әдептілік, ізгілік, ұқыптылық жайлы жақсы тілектерін білдіред) і.

Аспанымыз ашық болсын!
Әдепті инабатты болайық.
Әке шешеміз аман болсын!
Қазақстан елі жасасын!
Көк туымыз биік болсын!

Дана ата: тілектерің қабыл болсын балалар.
Енді мен сендерді киелі сандар мекеніне саяхатқа шақырамын.(балалар жол жүреді.)
Балалар алыс жол жүріп шөлдеп келеміз.
Бізге не керек? су керек.
Күн болмаса қайтер едік? Қараңғы қорқынышты болар еді.
Ауа болмаса қайтер едік? Дем ала алмай қалар едік.

Міне, балалар, киелі сандар мекеніне келдік. Ұзақ жол жүріп шаршаған шығарсыңдар, қане отырып тынығайық. Дана атай сізде отырыңыз.
Балалар отбасы Әке, шеше және баладан құралады.
Нешеу екен?
Бізге жолда нелер қажет болды? Ауа, су, күн. Нешеу? үш еу.
3саны киелі екен балалар.
Дана ата: Ой, балалар, мен ұмытып барады екенмін ғой, менің қоржынымда сендерге арналған сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Қане, балалар Дана атаның қоржынындағы сыйлықты көрейік. Балалар бес санына байланысты ұлттық аспаптар мен бесқарудың суреттері бар екен.

Бес аспап: қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, жетіген.
Бес қару: мылтық садақ, қылыш, найза, айбалта.(көрсету, тақтаға ілу, санау)
Қане, балалар, Дана атаның қоржынының екінші жағында не бар екен?
Сандар екен.(сандарды санап үстел үстіне қою).
Балалар сендер білесіңдер ме?, күн бұзылып жаңбыр жауып басылғанда аспаннан нені көреміз? Кемпір қосақты
Дұрыс айтасыңдар!
Кемпір қосақтың түсі неше түстен тұрады? жеті түстен тұрады екен
Қане, балалар, кемпірқосақтың түстерін атап тақтаға ілейік. (балалар түстерді атап тақтаға іледі)
Балалар бір аптада неше күн бар, атап өтейікші?
Жеті күн; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі жұма, сенбі, жексенбі
Біз балабақшаға қанша күн келеміз? 1 - дүйсенбі, 2 - сейсенбі, 3 - сәрсенбі, 4 - бейсенбі, 5 - жұма
Қай күндері демаламыз? 6 - сенбі, 7 - жексенбі
Балалар біз балабақшаға келетін күннің бесінші жұма күні имандылық күні. 3, 5, 7сандары жәй сан емес киелі сандар екен.
Енді, балалар бір ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын: «Жанды апта»
Ойын шарты: Үстел үстіндегі сандардан жеті күнді тауып, қатарға тұрып, апта күндерін ретімен атап шығайық.
Балалар, сендер апта күндерін білесіңдер ме?
Ендеше бір қадам алға шығып өздерің туралы айтып беріңдер?
1 - дүйсенбі, 2 - сейсенбі, 3 - сәрсенбі, 4 - бейсенбі, 5 - жұма
6 - сенбі, 7 - жексенбі
Ойынды барлығың өте жақсы ойнадыңдар балалар.
Саяхатымыз аяқталды, енді балабақшамызға қайтып, саяхатта көріп білгендерімізден, өз шығармашылығымызбен екі топқа бөлініп жұмыстар жасайық.
I - топ. Әке, шеше, бала отбасылық сурет салу.
II - топ. Бес аспап пен бес қаруды ажыратып жапсыру.
III - топ. Жеті түспен кемпір қосақты бояу.
Балалар барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар, суреттерің сондай тамаша болыпты, Дана атайдың қоржыны құр қайтпасын суреттерімізді сыйлайық.
Дана атай:
Сендерге көп - көп рахмет балалар!
барлығың өнерлі екенсіңдер, енді мен қайтайын Қош сау болыңдар!
Сау болыңыз!
Қорытынды бөлім;
Балалар біз қайда бардық? Киелі сандар мекеніне саяхатқа бардық.
Бізге бүгін қонаққа кім келді? Дана атай келді.
Саяхат сендерге ұнады ма? Саяхат қызықты болды, бізге ұнады.

Балалар, сендер әрдайым осындай білімді, кішіпейіл, ақылды болыңдар. Бүгінгі іс - әрекетке жақсы қатысқандарың үшін рахмет! Ендеше, балалар, келген апайларға, жүрек жарды сөзімізді айтып,
шығарып салайық.

Жамандықтан жиренген,
Жақсылықты үйренген.
Тілді таза сөйлеген,
Біз ақылды баламыз.
Ризашылықпен сіздерге
Қош айтамыз апайлар.

Күтілетін нәтиже
Білу керек: Заттық ұғымдарды түсінігіне қарай байланыстыра білу, танып білу, санау, ұлттық ұғымдағы танымдары қалыптасады.
Үйрену керек: Сенсорлық түстерді дұрыс қабылдау, санның өсу, кему ретімен дұрыс орналастыра білу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×