Мақсаты: К дыбысы және әрпімен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буындарды оқу, К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ойын арқылы балалардың есте сақтауымен ойлау қабілетін дамыту. К әрпінің баспа түрін жазуға үйрету. Ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, қорыту.
Көрнекілігі: К әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, электронды құралдар (теледидар, ДВД), карточкалар.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңберіне тұрып
- Амансыңдар ма балалар! Мен сендерге кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, бір - бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық.
Біздің топта балалар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар өлең жолын қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденімпаздық Ұйымдастыру кезеңі.
Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? Аптаның нешінші күні? Өткен іс - әрекетін пысықтау. Балалар қазір сауат ашу ұйымдастырылған іс - әрекеті болады. Әріптерді еске түсіру үшін балалар мен жұмбақтар жасырамын. Сіздер шешуін тауып айтасыздар.
1. Екі аяғы бар,
Көлденең таяғы бар,
Бұл қай әріп?
(А)
2. Ұқсайды өзі шалғыға,
Елестет көз алдыңа,
Кәне ойлап табайық,
Болды екен бұл қай әріп?
(Ғ)
3. Екі тіреу,
Басқышы біреу.
(Н)
4. Іші қуыс жұмыртқа,
Бұл қай әріп?
(О)
Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Енді ойын ойнайық.
Ойын: «Дыбыстарды жина».
Шарты: Дауысты дыбыстарды қызыл вагонге, дауыссыз дыбыстарды көк вагонге жинау.
Жарайсыңдар, балалар! Жақсы ойнадыңдар.
Балалар енді өтілген таныс әріптерден буындар оқиық. ДА, ДЕ, ГА, ГЕ, ҒА, ЖА, ЖЕ
Ал, балалар бүгін қандай әріппен танысатынымызды теледидардан көрейік. Теледидардан К дыбысына байланысты суреттер көрсетіледі. Балалар К дыбысы дауыссыз дыбыс. Балалар дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? К дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі, кейбір сөздерде К дыбысы екі рет кездеседі. Мынау К дыбысының бас әрпі, мынау к кіші әрпі. Бас әрпімен адам аттары жазылады. К дыбысын бәріміз дыбыстап айтып көрейікші. К дыбысы тамақтан қысылып естіледі екен. Мен сіздерге «Кітап» деген өлең оқып берейін.
Кітап – өмір айнасы,
Кітап тиер пайдасы.
Кітап – өмір шырағы,
Тәлім беріп тұрады.
«Кітап» деген сөзде бірінші қай дыбыс естіледі? Енді «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық. К дыбысынан келетін сөздерді тездетіп ойланып айтып берейік.
Жарайсыңдар балалар енді «Күн» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. Балалар сендер орындарыңда отырып текшелермен белгілейсіңдер. Жарайсыңдар, бәріңде дұрыс талдау жасадыңдар. Енді К әрпін мен тақтаға жазып көрсетемін, балалар ауада жазып жаттығайық. Бой сергіту сәті. Балалардың дәптерге К әрпінің баспа түрін жазуы.
Ассоциация әдісімен «Суретті дұрыс тап» ойынын ойнау. Жарайсыңдар балалар. Балалар мен қазір сіздерге суреті бар карточка таратып беремін. Суреттер қай әріптен басталса сол әріпті төбесіне жазып, көрсетіп беріңдерші жарай ма? Тапсырманы бірінші орындаған балаларға сыйлығым бар. Кәне кім тез жазады. Ой балалар бәріңде жылдам екенсіңдер. Суреттер қай әріптен басталады екен? Төбесіне қай әріпті жаздыңдар? Кәне балалар мен мына гүлдерді бүгін сіздер сабақта өте жақсы жауап бердіңдер, дыбыстарды дұрыс таптыңдар, жұмбақты дұрыс шештіңдер, карточкамен жақсы жұмыс жасадыңдар, дәптерге де әдемі жаздыңдар. Рахмет балалар. Барлығыңа мына гүлдерді сыйға беремін. Осымен бүгінгі оқу іс - әрекетімізді аяқталды. Жарайсыңдар балалар.
Буындарды оқуы
К дыбысы және әрпі
- Молдахан М
- 9 тамыз 2013
- 11056
- 0
- 0
Ілмек сөздер: К әрпі, бала бақшадағы к әріпімен таныстыру сабағы, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
"Ғ" дыбысы мен әрпі
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау...С дыбысы және әрпімен таныстыру
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы...Ұ дыбысы мен әрпі
Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Шапейқызы Жайнағалам...Қ дыбысы және әрпі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасының Тәрбиешісі Талапкер Асылай Мұхамбетқызы...Л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.