Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет
Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар.
Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет
Білім бөлімі: тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: « Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: балаларға еңбек етудің қажеттілігі, еткен еңбегінің жемісін көретіндігі, болашақта қандай маман болатындығына бағдар беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, кітаптар.
Барысы: Саламатсыңдар ма, құрметті балалар!
Тәрбиеші: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетіміз «Мамандықтың бәрі
жақсы»деп аталады.
Өскенде кім боламын? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Өмір таны, өнер қу,
Өнер табу - ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу.
Балалар сендер балабақшада күнде қандай мамандық иелерімен
кездесесіңдер? (тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аспаз.)
Анаңмен бірге дүкенге бардың. Кімді көрдің? (сатушы)
Іш ауырса, тіс ауырса,
Анам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Мен кім туралы өлең оқыдым?(дәрігер)
Ал балалар мамандық туралы тақпақтар айтсақ.
Арай: Киім тіккіш жаман ба?
Шипагер, емші маман да,
Бәрі керек адамға.
Саят: Астықсыз өмір болған ба?
Астық егіп өсірген
Тракторшы жаман ба?
Майя: Кең далада көсілген,
Мыңғыртып мал өсірген
Шопан ата жаман ба?
Асылан: Өрнектейтін өмірді,
Өнердің бәрі көңілді!
Қолы алтын шебердің,
Бәрі жақсы өнердің.
Тәрбиеші: Адам баласы белгілі бір іске қабілетті, дарынды болады.
Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?
«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.
Аруна: Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Абылай: Адамдық - борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Балалар мен мақал айтамын, сендер жалғастырыңдар.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың.................. тәтті.
Еріншектің.................... бітпес.
Ердің атын...................... шығарады.
Еңбек етсең.......................................
Қорытынды.
«Мамандықтың бәрі жақсы»
- КлараБ
- 13 мам 2013
- 35236
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамандықты таңдау, бала бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....Адамдық борышың
Адамдық борышың – Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл....Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке...Мамандықтың барі жақсы
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...Мамандықтың бәрі жақсы
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбы: Акназарова Ф. Е....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.