Мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға тест сұрақтары арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Теледидар, бейнесюжет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу
Қымбатты әріптестер, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! «Бала тілі – бал» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға үш топ қатысқалы отыр. «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар»- дегендей ортаға үш сайыскер тобымызды шақырып алсақ.
1 - ші «Барыс»тобын ортаға шақырамыз,
2 - ші «Құлагер»тобы,
3 - ші «Сұңқар»тобын қошеметтеп ортаға шақырайық.
Сайысты бастамас бұрын сендерге баға беретін әділқазылармен таныс болайық. Төрт құбыламыз тең болған сияқты, олай болса сайысымызды бастайық.
Балақайлар ең алдымен сайыс ережесімен таныстырайын:
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Ширату,
2. Ойлан тап,
3. Бұл қай кейіпкер?,
4. Ертегілер елінде, - деп аталады.
Ендеше 1 - ші бөлімге кезек берейік. «Ширату»
Ойынның шарты: Мен сендерге суретті тест сұрақтарын жасырамын. Ол сұрақтар сендердің өткен оқу іс - әрекеттеріңдегі тақырыптарға байланысты болмақ. Сұраққа бірінші жауап беру үшін, алдарыңызда тұрған әуенді ойыншықтын тетігін басасыңдар. Дұрыс жауапқа үш ұпай, жауап бермеген жағдайда ұпай берілмейді.
1сұрақ: Не ұшады?
1) Кеме
2) Қарға
3) Машина
2 сұрақ: Не жүзеді?
1) Ұшақ
2) мысық
3) Қайық
3 сұрақ: Доп қай геометриялық пішінге ұқсайды?
1) ұшбұрыш
2) шаршы
3) шеңбер
4 сұрақ: Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?
1) көк
2) қызы
3) сары
5 сұрақ: Үй жануарын тап?
1) қасқыр
2) сиыр
3) қоян
6 сұрақ: Жабайы жануарды тап?
1) Аю
2) жылқы
3) қой
Бірінші бөлімнің ұпай сандарына кезек берсек....
Кезекті «Ойлан тап»бөліміне берсек. Балақайлар мен сендерге ойынның ережесін түсіндіріп өтейін. Сендерге теледидардан кішкентай бүлдіршіндер бір зат атаулысын суреттеп, сипаттап айтып береді сендер соның қандай зат екенін табуларын керек. Ойынның шарты түсініктіме?
1 - ші бейне сұрақ: Ол бәріміздің үйімізде бар. Ол төртбұрышты. Түсі қара. Оның басқаратын тетігі болады. Біз одан көптеген бағдарламалар, мультфильм, кино қараймыз. (Теледидар )
2 - ші сұрақ: Ол қазір көптеген үйлерде бар. Ол төртбұрышты. Теледидарға ұқсайды. Біз одан көптеген мәліметтер аламыз. Ойындар ойнаймыз. Ол арқылы ғаламторға шығамыз. Оның тышқан деп аталатын құрылғысы бар.(Компьютер)
3 - ші сұрақ: Ол байланыс қызметі. Бәріміздің үйімізде бар. Ол шырылдаса көтереміз. Онымен ағайындармен, достармен сөйлесеміз.(Телефон)
4 - ші сұрақ: Ол жүреді. Оны біздің папаларымыз жүргізеді. Ол жанармай арқылы жүреді. Оның төрт дөңгелегі бар. Түстері әртүрлі. Бір жерге барсақ соған мініп барамыз.(Машина )
Ұпай санарын қорытындыласақ. Балақйлар көзді ашып жұмғанша 3 - ші бөлімге де келіп жеттік. Үшінші бөлім: «Бұл қай кеіпкер?»
Ойынның шарты мынадай: Мен сендерге ертегі кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қоямын. Соған жауап берулерің керек.
1сұрақ: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерді тап?
1) қарға
2) түлкі
3) ит
2 - ші сұрақ: Мақтақыз бен мысық ертегісіне қай кейіпкер қатыспайды?
1) Қоян
2) сиыр
3) терек
3сұрақ: Жеті лақ ертегісіндегі жағымсыз кейіпкерді тап?
1) ешкі
2) лақ
3) қасқыр
Үшінші бөлімді де аяқтадық, енді ұпай сандарымен таныс болайық. Балақайлар соңғы, әрі ақтық бөлімге де жетіп қалыппыз. Олай болса 4 - ші айналым «Ертегілер елінде»
Ойынның шартын түсіндірейін: Менің қолымда «алақай» мини - компьютері бар, сол компьютерге бір ертегінің карточкасын салып, ертегіден үзінді тыңдатамын сендер оның қай ертегі екенін табасыңдар. Ойынның шартын түсіндіңдер ме?
1ші ертегі: «Қарға мен түлкі»
2ші ертегі: «Түлкі мен ешкі»
3ші ертегі: «Қу әтеш»
Жарайсыңдар балақайлар, қандай тапқыр едіңдер! Төрт бөлімде де өздеріңді жақсы көрсетіп шықтыңдар! Осымен «Бала тілі - бал» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыс болған соң жеңімпаз болуы тиіс. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Балаларды мадақтау, марапаттау.
Соңы.
Бала тілі –бал
- gulsim86
- 8 мам 2013
- 14875
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бала тілі бал, балақайлар сайысы
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегілер еліндегі шалқан
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...«Ертегі ханшайымы қонақта»
Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын...Кел, ойнайық, балақай!
Ертеде "Ақтөс" атты ит болыпты. Бір күні Ақтөс ұйықтап жатқанда оның үш досы - қораз, мысық, ешкі орманға қарай ойнауға кетеді. Ойынға қызыққан үш...Бала тілі – бал
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды байқампаздыққа, тапқырлыққа, ұтымды түрде жауап беруге баулу. Тілге, пәнге деген қызығушылығын ояту, білім...Бала тілі – бал
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.