Сайтқа кіру Тіркелу

‹‹Білімділер сайысы››

Cабақтың тақырыбы ‹‹Білімділер сайысы››.(презентациясымен)
Cабақтың мақсаты:

Білімділік - Ертегілерді көрсету барысында кейіпкерлерді дұрыс атауға, ертегінің мазмұнын айта білуге, буынға дұрыс бөлуге, дауысты, дауыссыз әріптерді ажырата білуге машықтандыру. Балалардың жыл бойы өткен іс – әрекеттерін жинақтау.
Дамытушылық - Сурет салдыруда ептілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Мақал - мәтел айтқызу арқылы есте сақтау қабілеттілігін арттыру.
Тәрбиелік - Балаларды еңбексүйгіштікке, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Cабақтың көрнекілігі: көк, қызыл текшелер, көктем мезгілінің суреті, жануарлар мен өсімдіктердің суреттері, әріптер, видео - ролик, бәйтеректің суреті, дидактикалық үлестірмелі кеспелер.
Іс - әрекеттің барысы:
Балалар біз бүгін жыл бойы өткен білімімізді көрсететін кез келді. Олай болса біз екі топқа
бөлінеміз.
І - топ ‹‹ Түймедақ ›› ІІ - топ ‹‹Қызғалдақ››.
Бүгін біз сендермен білімділер сайысы өткіземіз. Әрқайсысымыз өз үлесімізді қосайық. ‹‹ Бәріміз біріміз үшін,Біріміз бәріміз үшін ››.
Біз ол үшін әр сұраққа жауап берген сайын нүктелерді бір – біріне қосу арқылы кімнің жеңіске жеткенін байқаймыз.(нүктелі раскраска)(1 - 60)
Балалар енді барлығың қараңдаршы мен қазір сендерге қазақтың бренді жайлы ертегіні көрсеткім келіп тұр. Олай болса мұқият көріп тамашалайық.
Ертегі көрген соң мазмұнын сұраймын.
1. Ертегі кейіпкерлерін атау
2. Ертегі не жайлы болды?
3. Ертегі ұнады ма?

Балалар, енді геометриялық фигураларды ата. Жарайсыңдар, балалар.
Ертегідегі бәйтерек сөзін буынға бөліп көрейік. Бәй - те - рек.
Б – дауыссыз, Т – дауыссыз, Р – дауыссыз, Ә – дауысты, Е – дауысты, Е – дауысты, Й – дауыссыз, К - дауыссыз
Балалар, дыбыстарды айтқанда көк және қызыл текшелерді көрсетеді.
Бәйтерек сөзін алып оған балалар сөздер айтады
Б – білім, Т – тарақ, Р – роза, Ә – әтеш, Е – есік, Е – емен, Й – ай, К - кітап
Балалар, бүгін аптаның нешінші күні?
Бір аптада неше күн бар?
Бір жылда неше ай бар?
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Олай болса, көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап берейікші.
Мен сендерге көктем мезгілі туралы өлең оқып беремін. Сендер сол көктем мезгіліне байланысты ұжымдық жұмыс жасайсыңдар.
Барлығымыз көзімізді жұмып, өлең шумақтарын тыңдайық.
‹‹Бұл қай кезде болады?›› өлеңі
Ал, балалар көзімізді ашып, елестету арқылы сурет салайық. Әр топ салған суреттеріне талдау жасайды.

Сергіту сәті. Қарлығашқа ұқсаймыз
Және қанат қағамыз.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
Кәне, балалар геометриялық фигураларды еске түсіре отырып, түлкінің суретін құрастырамыз.
Енді есептер шығарсақ. Ол үшін кедергілерден сүрінбей өту керек.
Есепке шықпай қалған балалар 1 - 20 - ға дейін тура және кері санату.
Келесі сайысымыздың түрі аяқталмаған суретті аяқтау. Барлығына үлестірмелі кеспелер таратылып беріледі. Суреттегі жануарларды атау, түсі, үй немесе жабайы екендігін, немен қоректенетіндігін ажырату.
Блингвизм.( қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айту ).
Балалар бізге бүгін өзін - өзі тану пәнінің кейіпкері Данышпан Ата келіпті.
- Амансыңдар ма, балалар? Бүгін осы бала - бақшада білімділер сайысы болып жатыр деген соң, осында келіп сендердің білімдеріңді байқауға келдім.
- Бала - бақшаларыңның аты қалай аталады?
- Қай республикада тұрасыңдар?
- Елбасымыз туралы не білесіңдер?
- Қ. Р - ның рәміздеріне нелер жатады?

Келесі сайысымыз Отан туралы тақпақтар айту. Кім көп біледі?

Ән ‹‹‹Көк тудың желбірегені››
Қорытындылау. Екі топтың жиған ұпайлары арқылы (нүктелі раскраска)
жеңімпаздарды өздері анықтайды. (қызғалдақ, түймедақ суреті).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×