Сайтқа кіру Тіркелу

Үй құстары мен дала құстары

«Ер Төстік» тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Уақыты:
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Үй құстары мен дала құстары»
Мақсаты: 1. Білімділік: Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту. Үй құстары мен дала құстарын ажырату.
2. Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Дала құстары мен үй құстарының суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтар мен амандасу.

Балалар көктем мезгілі, күн жылынып, басқа жақтан құстар ұшып келіп жатыр. Енді мына кішкене құс арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында бір-бірлеріне тілек айтқызу.
Балалар бүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз.
Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала құстары-қарға, сауысқан, қарлығаш, т. б. Олардың қанаты бар аспанда ұшып жүреді.
Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.

Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман – есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Ойыншық торғайды ұсынып бір-бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.
Балалар қызыға тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атап отырады.
Іздену-барлау
Тәрбиеші: балалар сендер құстармен таныстыңдар, енді үн таспадағы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме?
Неге дала құстары деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық.

Жақсы балалар сендер дала құстары, үй құстары жайлы білдіңдер.
Осы кезе есік қағып топқа
«Әтеш» кіреді.
Балалар бұл «Әтеш» бізге хат әкеліпті.
Ішінде құстардың суреттері бар екен. Қазір сендер сол суреттерді алып дала құстарын бөлек, үй құстарын бөлек атаймыз.

Д. о «Не қалай дауыстайды?»
Тәрбиеші құстарды көрсетеді, балалар ол қай құс екенін айтып дауысын айтады.
Балалар сендер өте дұрыс айттыңдар.
Балалар құстардың үнін тыңдап олардың дала құстарының дыбыстары екенін айтып түсіндіреді.
Торғайлар шиқылдап жатыр т. б дала құстарының дыбыстарын айтып береді.
Балалар таң қала ды.

Құстарды жеке-жеке атап көрсетеді.
Қарлығаш дала құсы, құйрығы айыр, шиқылдайды, аспанда ұшады.
Рефлексивті-қорытындылау Балалар сендер үй құстарымен дала құстарын ажырата аласыңдар.
Сендер құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден торғайды құрастырайық.
Торғайдың суреттерін көрсетем
- Торғайдың басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды, түсі ше?
- Торғайдың денесі ше?
Балалар бүгін біз қандай құстармен таныстық?
Үй құстарын атайықшы?
Дала құстарын атайық?
Неге дала құсы деп атаймыз?
Балалар тақпақтарын айтады.
Домалақ, сары.
Жарты шеңбер, қоңыр
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білу немесе хабардар болуы: Балалар толық жауап беруге үйренеді. Үй құстары мен дала құстарымен танысты.
Қалыптасқан әдет: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алу, сұрақтарға толық жауап беру.
Істей біледі: Байланыстыра сөйлей алады. Қарама-қарсы сөздерді айтуға тырысады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×