Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын сақа

Тақырыбы: «Алтын сақа»

Жарыс сабақ мектепке дейінгі даярлық топтарына арналған
Мақсаты: ҚМҰ қалыптастыра отырып сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу, геометриялық пішіндерді жанылмай атауға ынталандыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, зейінің ақыл-ой белсенділігін арттыру тез ойлауға, шапшаң есеп шығаруға қызушылығын ояту. Сөйлемдерді дұрыс айтуға, сұрақты түсініп дұрыс жауап беруге баулу, сөйлем туралы білімдерін бекіту, қысқаша әңгіме құрату, сөздік қорын ой-өрісін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар! Көңіл күйіңіз жақсы ма? Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.
Шаттық шеңбер
1- бала. «Бұлақ» бала бақшамызға
Қош келдіңіз ағайын
Бар ағайын жиналып
Мәз боп бізге қараңыз
2 - бала. Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды бақшамыз
Тек мейірім сыйлайық
Мейірімді тілекпен бөлісейік бақытпен.
(Қонақтарға бұрылып)
Хор: Баршаға амандық СӘЛЕМ!
Тәрбиеші: Біз бүгін «Алтын сақа»деген жарыс оқу іс-әрекетін өткіземіз.
1- команда: Білгіштер.
2- команда: Ақылдылар.
1-ші көшбасшысы Мерлан: «Білгіштер» командасынан «Ақылдылар» командасына: (барі) жалынды СӘЛЕМ!
2-ші көшбасшысы Дамир: «Ақылдылар» командасынан «Білгіштер» командасына жалынды (бәрі) СӘЛЕМ!
Тәрбиеші: Балалар ұрандарын қалай?
1-ші: Жеңілсек жасымаймыз.
2-ші: Жеңсек тасымаймыз!
Тәрбиеші: Енді, ойынымызды бастаймыз.
(Ортада үстел үстінде сандықша ішінде сандар жазылған асықтар).
Бұл сайыста тәсіл көп,
Кім алса ол асықты
Ептілігі басым боп,
Сол команда жеңгені.
2- команда топ басшылары ортаға шығып стол үстінен 1 саны жазылған асықты алса сол бірінші боп бастайды. Дұрыс жауап берген командаға бір асық ұпай беріліп отырады.
Осылайша 2- команда кезекпен тапсырмаларды орындайды.
Тапсырмалар:
I. 1- команда: Аталған саннан бастап тура санау (10)
2-командаАталған саннан бастап кері санау (10)

II. Сәйкес санды тап.
1-2-командаСандықшадан сан жазылған асықты алып үстел үстіндегі карточкадан дәл сондай саны бар суретті табу.
III. Көршілерін атап бер:
1-2-командаҮстел тілін айналдырып, үстел тілі тоқтаған санның көршісін атау.
IV. Ауызша есептерді шешу:
1- команда: Биыл жастарың алтыда, бір жылдан кейін нешеге толасыңдар?
2-командаАғашта 8торғай отырған, тағыда 2торғай кеп қонды, барлығы қанша торғай болды?
1- команда: Далада 6бала ойнап жүрген, 3баланы анасы шақырып алды. Қанша бала әлі ойнап жүр?
2-командаАлма ағашында 10алма өсіп тұр, апасы Аленушка мен інісі Иванушкаға 1алиаданжеуге рұқсат берді, ал алма ағашында қанша алма қалды?

V. Логикалық есептер:
1- команда: Аққайыңда 3 алмұрт өсіп тұр, ал еменде 2алмұрт өсіп тұр, ал қанша алмұрт піскен?
2-командаБос кеседе қанша кәмпит бар?
1- команда: Қоршаудан қоянның 6құлағы көрініп тұр. Қоршаудың артында қанша қоян тұр?

VI. Арттық сөзді тап:
1- команда: Қосу, азайту, жұма, тең болады, артық.
2-командаТаңертең, түс, қыс, күш, түн.

VII. Кім жылдам, дұрыс құрастыр
1к-2-командаГеометриялық пішіндерден заттар құрастыр. (үй, мұнара т. б. қалаулары бойынша)

VIII.бөлім
1- команда: Тәулік бөліктерін ата?
2-командаАпта күндерін ата?

IX. 1к-2-командаСөзді керісінше ата? (қалың - жұқа, кең - тар, биік аласа, жуан - жіңішке)
Екі команданың балалары да шамалары келгенше сұрақтарға дұрыс жауап берді. Енді, жинаған ұпайларымызды санайық.
«Ғажайып сәт»
Тәрбиеші: Ал, енді балалар көзімізді жұмайық ертегіні шақырайық.
Тәрбиеші: 1, 2, 3.
Балалар: Кел ертегі біздерге, кел ертегі біздерге.
Көзімізді ашайық, құлақпенен тыңдайық, ертегіні көрейік.
Мысық жылып отырады.
Тәрбиеші:
Неге жылап отырсың сүйкімді мысығым?
Мысық:
Менің құйрығымды мақта қыз алып қойды.
Мақта қыз кіреді.
Мақта қыз: Саламатсыздар ма балалар мұнда не болып жатыр?
Тәрбиеші: Сен біздің мысығымызды ренжітіпсің ғой.
Мысық: Балалар егерде сендер менің тапсырмамды орындасаңдар мен мысықтың құйрығын беремін.
Тәрбиеші: Қандай тапсырма?

Би. Ән.
Мақта қыз: Мысығым тілімді алып, қатығымды әкелді.
Мысық: Сондықтан біз екеуміз өте тату тұрамыз. Біз қай ертегіден келдік.
Балалар: Мақта қыз ертегісі.
Мақта қыз: Менің сіздерге тапсырмаларым бар орындайсыңдар ма?
Сұрақтар
1) Әріптерді қоссақ не шығады? (Сөз)
2) Сөйлем деген не? (сөзді сөзге қосып бір тиянақты ойды білдіреді).
3) Сөйлемнің неше түрі бар? (хабарлы, лепті, сұраулы).
4) Сөйлем соңында не қойылады? (нүкте)

Мақал-мәтел
1. Еңбек ерлікке жеткізеді...ерлік елдікке жеткізеді.
2. Гүл өсірсең терлеп ... мұның аты еңбек.
3. Еңбегін қатты болса...тапқанын тәтті болады.
4. Еңбек етсең емерсін ... ерінбесең жеңерсің.
5. Еңбегі аздың ...өнбегі аз.
6. Емнің алды ...еңбек.
7. Жақсы жұмыс ...жанға тыныс.

Ребус

Мақта қыз: Рахмет балалар сендерге ризамыз. Мен де енді сендермен дос боламын ренжіспейміз
Енді, балалар дөңгеленіп тұрайық, шеңбер ішінен үйренгенімізді бірге алып кетейік.

Тәрбиеші: Мен сендерге ризамын ақылды тапқыр бала екенсіңдер бәрінде әр дайым тапқыр болыңдар. Қонақтарға тілектерімізді білдірейік.

Денсаулығымыз мықты болсың.
Жолдасымыз қыдыр болсын,
Өмірлерін ұзақ болсын
Басына бақ қонсын
Жаған жайлы болсын
Етегін майлы болсын
Түндерін тыныш болсын
Үйлеріне ырыс қонсын
Аспандарыңыз ашық болсын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×