Сайтқа кіру Тіркелу

Мен ғарышкер боламын

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын».

«Алақай» ересек тобындағы ғарышкерлер күніне арналған ұйымдастырылған ашық іс әрекет.

Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын».

Мақсаты: Балалар ғарыш әлемі жайлы түсінік алады. Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мүсабаев, Айдын Айымбетовтарды суреттен тани алады. Буклет бойынша әңгімелей отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады. Ойлау, есте сақтау қабілеттері, шығармашылық қиялдары дамиды.

Барысы.
Тәрбиеші іс - әрекет мақсатымен таныстырып өтеді.
Топта арнайы тақырыпқа сай балалар көрмесі ұйымдастырылады.
Әдеби монтаж орындау арқылы балалардың ғарыш әлеміне деген түсініктері толығады, ғарышкер мамандығына деген қызығушылықтары артады.
«Алақай» тобының тәрбиеленушілері «Земля в иллюминаторе» әуенімен, саппен кіріп, сахна төрінен орын алады.

Аймухаммед:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

Хор «Мен ғарышкер боламын»
Айзере:
Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров.
Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш айлағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан

Рамазан:
Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсетеді ). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз
Гүлина:
Байқоңыр - ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында ғарышкерлер әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ерсултан:
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.

Ерке:
Жұлдыз - газдан тұратын аспан денесi. Ол өз куаты нәтижесiнде өзі жарық шығарады. Бiрнеше мың градус температураға дейiн қызып тұрған аспанның жарық денесi. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.

Аслан:
Күн - Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар.
Күннiң жылуы мен жарығы адам, өсiмдiктер, жануарлар үшiн өте қажет. Күннiң төңiрегiнде Жердi қоса есептегенде 9 iрi аспан денелері айналып жүредi. Олар ғаламшар (планета) деп аталады.
Зере:
Жерде менің тұрағым,
Көкке ұшып тұрамын.
\ғарышкер\

Ұлпан:
Ғаламшарлар - адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшар – өздiгiнен жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан айырмашылығы өздiгiнен жарық шығару мүмкiншiлiгi жоқ, күн сәулесiнiң шағылысуынан жарқырап тұрады.
Айлин:
Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келедi!

АЯНА:
Айға қарай самғаған,
Ізденуден талмаған
Ай, жұлдызбен тілдескен
Ұшқыш болғым келедi!
Абдуррахман
Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады.

Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Әуен арқылы жаттығу жасайды.
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды құрастыр»
Балалар жеке бөліктерден зымыранды құрастырып шығады.
Балалар жұмысы мадақталады.
«Біз бүгін не үйрендік» Кері байланыс. Сұрақ - жауап арқылы
қажетті сөздерді пайдаланып қысқаша сөйлемдер құрастырады, диалогқа түседі.

Алматы облысы, Райымбек ауданы
Сарыжаз ауылы. ЖШС Халел Орманов атындағы «ГАУХАР» бөбек - жәй балабақшасы
тәрбиеші Орманова Гаухар Халеловна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×