Педагогтың аты - жөні Муратова М. Д
Күні 21. 09. 2021ж
Тобы 4 ортаңғы топ
Білім беру саласы «Таным»
Бөлім Математика негіздері
Тақырыбы «Геометриялық пішін – шаршы»
Мақсаты Балаларды геометриялық пішіндерді тану және атау іскерліктеріне үйрету.
Сөздік жұмыс шаршы
Көптілді компонент Шеңбер – круг, үшбұрыш – треугольник, сопақша – овал, шаршы – квадрат, тіктөртбұрыш – четыреугольник.
Ресурстар Геометриялық пішіндер, видео, су, қағаз, желім, карточкалар, сурет үлгісі.
Барысы
ҰОҚ кезеңдері Педагогтың әрекеті Тәрбиеленушінің әрекеті
Кіріспе бөлім Жылулық шеңбері:
Міне қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Сізге сәлем береміз. Балалар жылулық шеңберіне тұрып амандасады.
Балалар қызығушылықпен тыңдайды
Балалар жауап береді
Балалар белсене қатысып, сұрақтарға жауап береді
Қорытынды бөлім Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, біз қайда бардық?
- Ғажайып пішіндер әлеміне бардық.
- Қандай пішіндер туралы айттық?
- Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша, шеңбер туралы айттық.
- Ал, енді, осы пішіндерді орысша айтайық:
Шеңбер – круг.
Үшбұрыш – треугольник.
Сопақша – овал.
Шаршы – квадрат.
Тіктөртбұрыш – четыреуглоьник.
- Балалар, сендер өте тамаша жауап бердіңдер! Сендерге көп рахмет! Балалар жауабы
Негізгі бөлім - Балалар, біз бүгін сиқырлы пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Балалар, бұл саяхат бізге ерекше болайын деп тұр. Алдымызда қолдың бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман - тілекті орындайтын ғажайып алақан екен. Бұл алақанға қолымызды қойып, көзімізді жұмып іштей ғажайып пішіндер әлеміне апар десек, біздің арманымызды орындайды екен. Олай болса, бәріміз орнымыздан тұрып, алақанға қолымызды қояйық. Қане, балалар біз сиқырлы пішіндер әлеміне келдік.
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Ғажайып пішіндер әлеміне хош келдіңдер!
- Балалар, неліктен шеңбер деп аталады?
- Балалар, шеңбердің бұрышы бар ма?
- Бұрышы болмайды.
Шеңбер:
Мен шеңбермін, шеңбермін.
Осындаймын дөңгелек.
Айналамын күн сайын
Барлығы үшін біз керек.
Мен күн және мен ай
Мен қақпақпын қарасаң
Көліктің мен дөңгелегі
Маған жер шары ұқсаған.
- Балалар, үшбұрыштың неше бұрышы бар?
- Үшбұрыштың үш бұрышы бар.
Үшбұрыш:
Мен үшбұрышпын
Үш жағым бар
Үш төбеден жасалған.
Үй төбесіне қарасаң
Мен ғой сонда отырған.
Мен сендвич, мен үтік
Мен торғайдың тұмсығы.
Мен желкен, мен күшік
Ай, ой әзілдеймін
Күшік емес.
- Балалар, шаршының қабырғалары қанша?
- Шаршының төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.
Шаршы:
Мен шаршымын
Төрт жағым бар.
Төрт жағым менің бірдей.
Кел, ойнайық балақай
Би билейік біз солай.
Мен суретпін, мен терезе
Мен шахмат тақтасы
Мен тағы теледидармын
Мен жастайтын жастықпын.
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол – сопақша.
- Сопақшада бұрыштар бола ма?
- Сопақшада бұрыштар болмайды.
Сопақша:
Мен сопақпын, мен сопақ
Ұзартылған домалақ.
Соңым жоқ, басым жоқ
Енді бірде жапалақ.
Мен жұмыртқамын
Мен айнамын
Мен, міне, осындай пішінмін.
Мен қоңыз, мен картоп
Аяқпенен топ – топ – топ.
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол тіктөртбұрыш.
- Тіктөртбұрыштың неше бұрышы болады?
- Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы, төрт бұрышы болады.
Тіктөртбұрыш:
Мен тіктөртбұрышпын, тіктөртбұрыш
Қарама – қарсы жақтарым бірдей.
Көңілдімін мен осы
Кел, билейміз досым.
Мені сиқыр көресің,
Мен тақта, мен экран.
Мен рюкзакпын, мен қақпа.
Тез үйренеміз, қорықпа!
- Балалар, мынау қандай пішін?
- Ол – жұлдызша.
- Жұлдызшада неше бұрыш бар?
- Жұлдызшада бес бұрыш бар.
Жұлдыз:
Мен жұлдыз жанып тұрам,
Түнгі аспанға қарап жүрсең
Бесік өлеңін айтам.
Айтшы өлеңді менімен.
Қар бүршігі ол – мен.
Мұхит түбінде де мен.
Сен жатасың дебен.
Айтып тұрмын соған өлең.
- Балалар, пішіндер туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Енді, мен сендерді белсенділік орталықтарындағы жұмыстарыңды тамашалаймын.
- Балалар, белсенділік орталығында жұмыстар жасаймыз.
1. Тіл дамыту орталығында (сурет бойынша пішіндерге ұқсас заттарды табамыз).
2. Өнер орталығында (пішіндерден торғайды жабыстырамыз).
3. Су орталығында (желкенді қайық жасаймыз).
4. Үстел үсті орталығында сәйкес пішіндерді орналастырамыз (карточкамен жұмыс).
5. Ал құрылыс орталығында теміржол вокзалын жасаймыз (конструктордан құрастыру).
- Белгі арқылы орталықтарға бөлінеміз.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық
Түзу болып тұрайық,
Бір – біріне қосылып,
Үшбұрышты құрайық.
Балалар саяхатқа аттанады
«Геометриялық пішін – шаршы»
- madina30052018
- 14 қараша 2022
- 1305
- 0
- 0
Ілмек сөздер: геометриялық пішіндерді тану, балабақшаға арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ашық сабақ "Геометриялық пішіндер"
Сабақтың мақсаты: Білімділік: балаларға пішіндер жайлы түсінік беру, пішіндерді ажырата білуге үйрету...Ғажайып геометриялық пішіндер елінде
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау, пішіндер жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау...Пішіндер бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...«Пішіндер әлемі»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Геометриялық пішіндер еліне саяхат
Солтүстік Қазақстан обылысы, Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің мектеп алды сынып тәрбиешісі Әсімжан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.