Сайтқа кіру Тіркелу

Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын)

Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші Даниярова Б. З
Тақырыбы: Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын).
Мақсаты: Жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру. Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыруды жалғастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау, қайнату), жеке сөздерді айтуға ынталандыру. Балаларды ыдыс - аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, дауыссыз «ш» дыбысын анық айта білуін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: № 6 демонстрациялық материал (көкөністердің суреттері), № 6 үлестірмелі материал.(көкөніс
суреттері бойынша түстерін бояу).
Сөздік жұмыс: көкөністер, аспаз, көже.
Билингвальды компонент: көкөністер – овощи, аспаз – повар, көже – суп. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: асханаға бару.
Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық – Бүгінгі күнімізді бір - бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.
Армысыз, қайырымды Аспан ата! Қуан, шаттан, алақай!
Армысыз, мейірімді Жер - ана! Қайырлы таң, қайырлы күн!
Армысыз, шұғылалы алтын Күн! Бәріміз күндей жарқырайық! Педагогпен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік – Балалар, көкөністер туралы мына өлеңді тыңдайықшы:
Шолып едім бақшаны, Жасыл, сары, қызыл, көк
Көкөніс біткен көңілді. Сан алуан көкөніс.
Өлеңде не туралы айтылған?
– Көкөністер – овощи.
Балалардан көрнекілікті пайдаланып, сұрақ - жауап тәсілі арқылы көкөністердің пішінін, түсін сұрау. Көкөністерге не жататынын, оларды жылдың қай мезгілінде жинайтынына тоқталу.
– Үйде аналарың, әжелерің көкөністерді қосып, тамақ әзірлейді. Қазір мен сендерге көкөністерден қалай көже жасалатынын көрсетемін. Дидактикалық ойын: Тамақ әзірлеу
– Плитаға ішінде суы бар кастрөлді қоямыз, суымыз қайнағанша картопты тазалаймыз, суға жуып, пышақпен бөліп тураймыз, қайнап жатқан суға саламыз. Керекті көкөністерімізді: орамжапырақ, сәбіз т. б. жуып, турап, кастрөлге саламыз. Табаға пиязды қуырып аламыз.
– Қуырған кезде қандай дыбыс шығады? (Ш - ш - ш).
Педагог пиязды кастрөлге салып, сорпаны араластырады.
– Өкінішке орай біздің плитамыз жанбайды, сондықтан қазір аспаз апайымызды шақырамыз, көжемізді әрі қарай нағыз плитаға апарып, түскі асқа пісіріп берсін.
Аспаз келіп«Түскі асқа осы көкөністерден көже пісіріп беремін», – деп уәдесін беріп, шығып кетеді.
– Аспаз – повар. Көже – суп.
Сергіту сәті: Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап
Сайгүлікше жүруді,
Бір! Екі! Бір! Екі! (С. Қалиұлы)

Өлеңді мұқият тыңдайды.

– Көкөністер туралы.
– Көкөністер – овощи.

Суреттегі көкөністердің атын, пішінін, түсін атайды.

Балалар «ш - ш - ш - ш» деген дыбысты бірнеше рет қайталайды.
Аспаз – повар. Көже – суп.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Көкөністерді түстеріне сәйкес бояйды.
Рефлексия лық - түзетушілік – Балалар, көкөністерден пісірген көжемізді неге құямыз?
– Ыдыстарға нелер жатады?
– Бұл заттар аналарыңа не үшін қажет?
– Оларды қалай пайдаланады?, деп сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды, балаларды мадақтайды. – Ыдыстарға.
– Кастрөл, қазан, шәйнек, қасық, пышақ, тәрелке, табақ, кесе – бұлар ыдыстар.
біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыруды;
игереді: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын;
қолдана алады: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды, ыдыстарды атауды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×