Сайтқа кіру Тіркелу

Білім күні балабақшада

Балабақша алаңы мерекеге сай әсем безендірілген. Алаң алды жүздері бал бұл жайнаған қыздар мен ұлдар, тәрбиеші апайлары мен қонақтарға толы.

1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата – аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

2. Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына беріледі.

Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Асылбек:
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар.

Аяулым:
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.

Қоныс:
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.

Нұрайлым:
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.

2. Жүргізуші:

Жаңа киім үстімде,
Мақтанғым да келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғым да келеді! Дегендей бүгінгі мектеп алды даярлық тобына келетін балалардың жүздері бал - бұл жайнап тұр.

№16 “Жас ұлан» тобының «Білімің бұлағым» әнін қарсы алыңыздар!

1. Жүргізуші:

Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – білім жүрегі,
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.

№13 «Бәйтерек» тобының орындауында Ән «Үйретеді» жарайсыңдар балалар!

Ортада білім туралы өлеңдерімен №16 «Жас ұлан» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

1. Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз. АМИНА

2. Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге. ДИАС

3. Ғылымның көп тас қамалы
Ғылымдықта асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы
Балабақшадан басталды. ОНДАСЫН

4. Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім. ОСМАН

5. Қыркүйектің бірінде
Кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп
«Бақша» бір күнге. ЖАНЕЛЬ

6. Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз. ЖӘНІБЕК

Ғажайып сәт:

2. Жүргізуші: Жалқаубек келеді! Жалқаубектің музыкасы

ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр - ау деймін.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсің бе?!

Бүгін бізде мереке, 1 - Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда осы мерекені тойлап жатыр.

ЖАЛҚАУБЕК: Әй балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз оқиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер ойнайық.

ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені тамашалаңыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?

ЖАЛҚАУБЕК: Мен жалқау болсам да өнерлімін! Мен би билей аламын.

ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі балаларымыз сізбен бірге билегісі келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін тамашалайық!

1. Жүргізуші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Ән шырқайықшы баршамыз дей келе.

№2 Бәйшешек ортаңғы топтың бүлдіршіндері Сүгір Марғұлан мен Ахмет Іңкәрдің орындауында ән: Топ - топ балақан

№5 «Гүлдер» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар.

Сәулемай:
Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз - жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.

Зульфия:
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Муслима:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

2 - Жүргізуші: Біздің өнерлі балапандарымыздың орындауында Қаражорға биі.

1 - Жүргізуші: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін.

№16 Жас ұлан тобының орындауында «Мектебім» әні

№14 «Жасқанат» тобының тақпақтарын қарсы алыңыздар

Жоламан:
Отан ыстық ұямыз
Жүректе орын тұрады
Отан маған пәк ана
Мен Отанның ұланы.

Райымбек:
Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын.

Жандәулет:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл ашам.

2. Жүргізуші
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйікті баламыз.

ӘН №13 «Бәйтерек» тобының әнін қарсы алыңыздар!

Ән. Балабақша бағымда

1. Жүргізуші
Біз - еліміздің жас өркеніміз
Желді керген желкеніміз
Желбіреткен көк туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!

№15 «Болашақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! БИ спорттық

2. Жүргізуші.
Корабльді басқарып
Көк жүзінде самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әліде
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне дей отырып №15 «Ақылшы мұғалім» әнін қарсы алыңыздар

№6 «Бәйшешек» тобының тақпақтарын тыңдайық

Алихан:
Кел - кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.

Сейфуллах:
Балабақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Үйреттеді мектепте.

1 Жүргізуші
Қандай ғажап қарашы жан – жағына
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұңға
Ата – анадай бақытты бар ма жан
Қол жеткізген аңсаған арманына
Жақсы шәкірт азамат атанады
Халқынан ата - анадан бата алады
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортамызға шақырайық ата – ананы.

Мерекелік Құттықтау сөз кезегі ата – анаға беріледі.

2. Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!

1. Жүргізуші:
Ал бірінші кыркүйек,
Күнсің ғой сен ең тәуір,
Өйткені ол мереке,
Бірінші күн ерекше.

Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№25 «Толағай» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Урбесинова Алмагуль Суюндиковна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білімді ұрпақ – балабақшада

Білімді ұрпақ – балабақшада

Өмірдің бейбіт бағы бұл, Асудан асып асқарлы Мінекей биыл тағы бір Жаңа оқу жылы басталды....
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымының І - санатты тәрбиешісі Кушаева Асел Максутовна...
Көңілді старттар

Көңілді старттар

Мақсаты: Балаларды жарыстыра отырып, көңіл – күйлерінің көңілді болуына, дененің шынығуына шапшаңдыққа, төзімділікке, достыққа баулу және...
Білім күніне арналған салтанатты шара, Сыңғырла, күміс қоңырау

Білім күніне арналған салтанатты шара, Сыңғырла, күміс қоңырау

1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты шара Мақсаты: 1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру; 2. сахналық мәдениетін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×