Сайтқа кіру Тіркелу

"Ақ қоян" Ашық сабақ І кіші топ

"Ақ қоян" Ашық сабақ І кіші топ
Топ І кіші «Балапан» тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімдері: ______Көркем әдебиет _____
Тақырыбы: Ақ қоян
Мақсаты: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Ссөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекілік: Қоян сурет, ерттегілер.

Әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ - жауап ойындар,
Оқу іс - әрекет барысы:
Тілек шеңбері:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алдыменен бәріміз,
Амандасып алайық.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын,
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Сәлем! Сәлем! Сәлем! Ал енді бәріміз тілектер айтайық.
- Деніміз сау болсын.
- Ақылды болайық!
- Дос, тату болайық!
- Тосын сәт:
- Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге бүгін қызықты ертегі айтып берейін – деп кітап сөресінен қарап жатқанда қызықты мына бір қоржын тауып алдым.
- «Күлкі қоржын» түртіп қалғанда әсем күлкі шығып, балалар бірге күліп мәз болады.
- Ал, енді балалар орман жануары туралы таныстырам. Ол сендер маған айтыңдаршы:
- Сәбізді мықты жақсы көреді? Ол не?
- Өзі мықты қорқақ. Түсі ақ, қоңыр болады.
- Құлағы ұзын.
– Дұрыс тамаша, ол қоян. Ол орманда мекендейді.

Түсіндіру, әңгімелеу.
Балалар мына жерде неше қоян және сәбіз бар?
Кім табады?
- Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Суретпен жұмыс: Не бейнеленгенін айту, қысқаша әңгімелеу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту.

Д/О: «Кім тапқыр?» Суретте не бейнеленгенін атау, ол қандай жануар, олар қалай қозғалатынын айту. Балалардың сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынға қызығушылықтарын ояту.
Құс ұшады, жылан жорғалайды, ат шабады, бақа секіреді, балық жүзеді.

Тіл үйрету жаттығулар:
Зе - зе - зе, зе - зе - зе,
Бұл шыны терезе.
За - за - за, за - за - за,
Үйдің іші тап - таза.
Зу - зу - зу, зу - зу - зу
Күрекпен жер қазу.
Сұрақ - жауап арқылы қорытындылау, бағалау, мадақтау.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×