Білім беру саласы: Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру,
Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,
Билингвальды компонент: кірпі - ежик - Hedgehog
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік - Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.
Тұмсығы бар түймеден,
Тон жамылған инеден.
- Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру.
- Енді балалар, мына суретте кірпіге не жетпей тұр?
- Шанышқыны алдымызда тұрған сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастырсақ тікенек пайда болады.
Сергіту сәті: «Кірпімен қара жорға билейік»
Кірпі- тікенек
Видеоға қарап билейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Ойын: «Кірпіні тамақтандырамыз»
Мақсаты: балалардың іс - әрекет бойынша алған білімдерін қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ, шаянды жабыстыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кірпі туралы мәліметтерді
Игереді: бастыру арқылы сурет салуды.
Меңгереді: таза, ұқыпты болуды.
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
"Қарлығаш" балабақшасы әдіскері
Наубаева Рысалды Даулетхановна
Сабақтың презентациясын жүктеп алу
Кірпі сурет
- Наубаева Рысалды
- 30 қаңтар 2019
- 3406
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 2-сәбилер тобына арналған оқу қызметі, Кірпі сурет
Ұқсас жаңалықтар:
Сенсорика. Кірпі
Мақсаты: «көп», «аз», «біреу», ұғымдарын қалыптастыру; заттарды түстері бойынша топтауды, заттың көлемін ажыратуды үйрену; кеңістіктік түсініктерін...Кірпі
Тәрбиеші: Марал Мұсахан Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: Кірпі /жаңғақ, шемішке, ермексаз/...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Түлкінің туған күні
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеші-мұғалімі:...Күзгі көрініс
Мақсаты: Күзгі орман көріністері туралы түсінік беру, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.