Сайтқа кіру Тіркелу

Түстер әлемі

Түстер әлемі
Психологиялық тренинг.
Қатысушылар: ортаңғы тобы.
Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық,
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық.
Жүректегі жылуды,
Бір - бірімізге сыйлайық
І. Ойын.»Пойыз»
ІІ. «Есте сақта және боя».
Мақсаты: Балалардың түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қаблеттерін анықтау. Балалар үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей етіп бояйды.
ІІІ. Ойын. «Атомдар және молекулалар».
Мақсаты: Қысымды түсіру, топты біріктіру. Осы ойын арқылы балалардың өзара қарым - қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады).
Психолог: Сендердің әр қайсыларың атомсыңдар. Жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан екіден, содан кейін үштен бірігіңдер.
IV. «Көбелектер әлемі»
Мақсаты: Баланы тыныштандыру үшін және қиялын дамыту. Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ - қолдарын еркін созады. Көздерін жұмып, жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендей елестетеді. Дәл қазір сендердің көз алдарыңда ғажайып көбелек гүлден - гүлге ұшып жүр. Оның қанаттарының қимыл - қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әдемі етіп қозғалтады. Енді әр қайсыларыңыз осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың баяу төмен жоғары қалықтап жатқанын сезініңдер. Алдарыңнан көздің жауын алатын әсем де керемет жайқалып тұрған гүлдер кездесті. Гүлдердің түсі әртүрлі. Қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түсті гүлге барып қоныңдар. Иісі неткен керемет. Оның жұпар иісімен демалыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Көзімізді жаймен ашамыз.
- Көз алдымызға көбелек елестеді ме? Сендер қандай түсті гүлді тандадыңдар? Олай болса өздеріңе ұнайтын гүлге көбелектеріңді қондыра қойыңдар.
Қызыл – қуанышты көңіл күй. Ал қызыл – ұнамды көңіл күй. Сары – жағымды көңіл күй. Күлгін - алаңдатушы көңіл күй. Қара – күш - қуаттың төмендеуі. Ақ – анықталмаған көңіл күй. Көк – суық көңіл - күй.
V. «Шарларға баулар байла»
Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру.
VI. Қорытынды: «Тілек шоғы»

Мырзахметова Гулназ Анарбаевна
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Ақпәтер ауылы, «Балапан» бөбекжайының әдіскер - психологы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тренинг. Түстер әлемі

Тренинг. Түстер әлемі

Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы...
Бояулар патшалығына саяхат

Бояулар патшалығына саяхат

Бөлімдері:»Бейнелеу өнері» Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін бекіте отырып, бояулар жайлы түсініктерін кеңейтіп, түстерді анықтауды меңгерту....
Түрлі-түсті дөңгелектер

Түрлі-түсті дөңгелектер

Жасы: «2 - 3» Бірінші кіші «Балдәурен» тобы Тақырыбы: Түрлі - түсті дөңгелектер Білім беру саласы: «Таным» Кіші сала: Сенсорика....
Қуыршақтардың киімдерінің түстері

Қуыршақтардың киімдерінің түстері

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса»мектепке дейінгі гимназиясының 2 санатты тәрбиеші: Шахметова Анар...
Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг- ...

Мектепалды даярлық топтарында танымдық қабілетін дамытуға арналған тренинг- ...

Қызылода облысы, Арал ауданы №262 мектеп-гимназия мұғалімі Ембергенова Әсем Салауатовна «Суреттің жұбын тап» ойыны. Мақсаты: Баланың ойлау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×