Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Жаратылыстану.
Тақырыбы:«Үй жануарлары».
Мақсаты: «Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үй жануарлардың пайдасы бейнелейтін суреттер, үлестірмелі материалдар.
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.
- Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
1. Білімді өзектендіру.
- Ферма дегеніміз не?
- Фермада қандай жануарлар ұстайды?
2. Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы әңгіме.
- Ферма - барлық үй жануарларын өсіріп ұстайтын шаруашылық орын. Үй жануарларын адам күтіп - баптайды.
Жануарлардың еті, сүті,
Жұмыртқасы - азық, ал жүні, терісі және мамығынан қаншама тұрмысқа қажетті заттар жасалады.
- Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды
3. Билингвальды компонент:
Үй жануары - домашнее животное, сиыр - корова, ешкі
- коза, тауық - курица. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой,
ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
- Қайталайды.
- Тауық -(курица).
- Сиыр(корова).
- Ешкі(коза).
Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі - қозы.
Ешкінің төлі - лақ.
Жылқының төлі - құлын.
Сиырдың төлі - бұзау.
- Төлдердің аттарын қайталап айтады.
4. Үй жануарлары туралы өлеңді оқу.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме, деміңді ал.
Тентек болма шырағым,
Селтеңдемей құлағың.
- Өлең ненің төлі туралы?
- Ешкінің қандай пайдасы бар?
Әукім - әукім әукешім,
Сипайыншы әукесін.
Енең, әне, келеді,
Ақ мамасын береді.
- Сиырдын қандай пайдасы бар? Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Дұрыс, үй құстары және ти, мысық та үй жануарларына жатады.
Қалай ойласыңдар тауық қандай пайда әкеледі? (Еті мен жұмыртқасы - тамақ. Мамығынан жастық жасайды).
-«Әукім - әукім»деп сиырдың төлі – бұзауды шақырамыз.
- Сиырдың сүті, еті - тағам. Сүтінен ірімшік, құрт, айран, май алады. Терісінен тұрмысқа қажетті заттар жасайды.
5. Динамикалық үзіліс.
«Шип - шип шөжелерім» әнің үнтаспадан тыңдады.
-«Балапандар»биін билейді.
6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
Керектігін түсіндіреді
7. Жеке жұмыс өткізеді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Үй жануарларын атаңдар?
- Неге адамдар жануарларға күтім жасайды?
Олардың қандай пайдасы бар?
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: төрт түлікке байланысты берілген (мысалы: ешкінің төлі - лақ. Бұзауды «әукім - әукім»деп шақырамыз) тапсырмаларды.
Түсінеді: үй жануарларының адам өміріндегі маңызы.
Қолданады: жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу іс - әреттерінде
Үй жануарлары
- shynar.baisakalova
- 27 қазан 2017
- 8766
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үй жануарлары, күнделікті сабақ жоспары балабақшаға арналған
Ұқсас жаңалықтар:
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...Біздің ойыншығымыз
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының «Балдырған» тобының тәрбиешісі Тулегенова Жанайым Жұмағазықызы...Әжеме қонаққа барғанда
Алматы қаласы, №118 "Әсел" балабақшасы тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Менің сүйікті үй жануарларым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" балабақшасы тәрбиешісі: Жолдаева Жанаргүл Ертілеуқызы...Үй жануарлары
Білім беру саласы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: 1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.