Сайтқа кіру Тіркелу

Шынықсаң шымыр боласың спорттық сайыс

Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс
Мақсаты:
1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: Балабақша алаңы
Қажетті құралдары: Үлкен доптар, кедергілер, шелектер, шығыршықтар.

Өтілу барысы:
1. I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

1. II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа ортанғы топ балалары мен ертегі кейіпкерлері қатысады. Балалар 3 топтан 12 бала және де аю, қасқыр, қоян топ жетекшілері болады.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)

1. «Жалын» тобы, Топ басшысы Аю, Марғұлан, Адияш, Байкен, Мансур
2. «Шымыр» тобы, Топ басшысы Күшік, Жалғас, Самад, Бақдаулет, Сағындық
3. «Қыран» тобы, Топ басшысы Түлкі, Нұртілеу, Нұрали, Фархад, Ж. Әлихан,
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақшамыздың меңгерушісі: Гүлнара Төлтайқызы
2. Балабақшамыздың есепшісі: Жанар Жұмажанқызы
3. Балабақшамыздың пән мұғалімі: Айгерім Сапарбекқызы
Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі:

1. «Өз тобыңды таныстыр»
2. «Кенгуру»
3. «Хайуанаттарға су бер»
4. «Көңілді старт»
5. «Қырықаяқ»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып топ өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Жүргізуші:
1 - тур: «Өз тобыңды таныстыр»
Олай болса, ортаға «Жалын», «Шымыр», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.
«Жалын» тобы
Таныстыру:
Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
Әрқашан біз мықтымыз,
Бәрін жеңіп шығамыз.
«Шымыр» тобы
Таныстыру:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың
«Қыран» тобы
Таныстыру:
Шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
Біз биіктен самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз.

Әділ - қазыларға сөз береміз!

Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2 - тур: «Кенгуру»
Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.
Әділқазылардың бағасы.

3 - тур: «Хайуанаттарға су бер»
Ойынның шарты: Топ мүшесі үлкен шелектердің қасына отырады, балалар кішкентай шелекпен топ мүшесінің шелегін сумен толтырады.
Әділқазылардың бағасы.

4 - тур: «Көңілді старт»
Ойынның шарты: Топ мүшелері екі екіден жұптасып, шығыршықтың ішіне кіріп, кедергілердің арасынан айнала өтіп, орындарына келу керек.
Әділқазылардың бағасы.
5 - тур: «Қырықаяқ»
Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.
Әділқазылардың бағасы.

III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, —
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша барлығымыз «Көңілді жаттығу» биін билейік
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – «Шымыр» тобы
ІІ орын –«Қыран»
ІІІ орын –«Жалын»
Жүргізуші:
Құрметті ұстазымыз!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Біз спортшы жанұямыз

Біз спортшы жанұямыз

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік...
Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...

"Толағай" оқушылар арасындағы сайыс

Мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, күштілікке, дәлдікке баулу Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке...
Шынықсаң шымыр боларсың!

Шынықсаң шымыр боларсың!

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, Саға негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалманов Жарас Рысбаевич...
Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Әкем, шешем және мен отбасылар сайысы

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі Рахымжанов Мейир...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×