Сайтқа кіру Тіркелу

От пен судың пайдасы мен зияны

Тақырыбы: «От пен судың пайдасы мен зияны»
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімдері: «Қоршаған орта»
Тақырыбы: «От пен судың пайдасы мен зияны.»
Мақсаты: Балаларды оттың және судың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, және зиянын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Балаларға оттан, судан сақтанудың жолдарын, олардың табиғатқа, адамға өміріне әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық, судан т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру(дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үндемей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Балаларға екі стақан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.
Әдіс - тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Қостілділік: Су - вода, от - огонь.
Балалар сендер су туралы және от туралы не білесіңдер? Ал судың пайдасы және зияны қандай екен? Оның түсі, дәмі туралы не айтасыңдар? Балалар судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз.
Ал қазір пайдасы мен зиянына тоқталайық.....(Көрнекіліктер арқылы балаларды сөйлету)
. Балалар судың түсін қалай өзгертуге болады? Балалар алдарыңда тұрған стакандағы суға екі түсті бояу құямыз,(түсін айырамыз) Келесі стақанға тосап слып оның дәмінің және түсінің өзгергенін айтамыз. Яғни балалар су қандай екен?(Сұйық екен) Сендер тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер? Сүтті білесіңдер,(Сүттің түсі қандай?)- Ақ екен. Ал судың түсі жоқ екен. Жарайсыңдар, балалар.
Ал енді оттың пайдасы мен зиянына тоқталайық.
«Балалар от деген біздің досымыз, және ол біздің жауымыз екен.»
Жалпы біз от деген сөзді қалай түсінеміз?
Олай болса суретке назар аударайық.
От біздің өмірімізге қуат береді, бойымызды жылытады. От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылынбайды.
Ал от деген сөзіміздің түбіріне үңілсек; От өрісі кең екен - мысалы: Отағасы, отау, отарба.
Міне от деген сөздің өзі жылылық дегенді білдіреді.
Енді балалар осы оттың пайдасымен қатар зияны да бар екен.
Ол үшін біз отты дұрыс пайдалануымыз керек.
Дұрыс пайдаланбасақ біз күйіп қаламыз, дала өртенеді, үй өртенеді, сіріңкені дұрыс пайдалану керек, Үлкен адамдар темекіні тартқан кезде дұрыс өшіру керек, үтікті қосып тастамау керек, газды ашық тастамау керек екен.
Балалар ол үшін біз қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауымыз керек екен. Ол үшін біз бәріне ұқыпты қарауымыз керек екен. Үйден шығарда тоқты, отты үтекті т. б. заттарды тексеріп шығуымыз керек екен.

Адилова Нуржанат Сагатбековна
Қарағанды қаласы
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×