Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Сұлутөр ауылы,№38 орта мектебі,
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Кистаубаев Ершат Кадырбекович
Алғашқы әскери дайындық пәнінен практикум - семинарға арналған
Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылымын, қасиеттері мен арналуын, жұмыс принциптерін, аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімдерін пысықтау.
Дамыту: Оқушылардың ой - өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сана - сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: меңгеру сабағы;
Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Жаңа оқыту технолногияны қолдану.
Керекті құрал - жабдықтар:
- ДП - 5В – дозиметрлік аспабы; химиялық барылау әскери аспабы(ХБӘА); компьютер, проектор, суреттер, үлестірме карточкалар..
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын қайталау;
3. Негізігі бөлім.
Жаңа тақырып. Зерттеу сабағы.
4. Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:- 10 мин.
1) Взвод командирдің рапорты. Сәлемдесу. Әнұранды орындау. Түгелдеу. Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру. Взводты екі топқа бөлу.
Үй тапсырмасын қайталау - 6 мин
Бейнефильмдердің үзінділерімен жұмыс;
Санитарлық өндеу түрлері(Дегазация; дезактивация; дезинфекц
Дегазация (газсыздандыру)------- Биологиялық (бактериологиялық) қару.
Дезактивация ----------------------- Химиялық қару.
Дезинфекция ----------------------- Ядролық қару
Тірек сызбанұсқасымен жұмыс – оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.
Негізгі бөлімі - 30 мин.
Аспаптармен танысу - 15 мин
Радиациялық (ДП - 5В) және химиялық (ХБӘА) барлау, бақылау аспаптармен танысу.
Бес минөттан кейін аспаптармен алмасу. Оқушылар аспаптарды зерттейді.
Дәптермен жұмыс.
Презентация және түсіндіру бөлімі - 10 мин
Мұғалім ДП - 5В және ХБӘА аспаптардың құрылымымен, тағайындалуымен, жұмыс принциптерімен қосымша таңыстырады.
Мұғалім ренгенометр - радиометрін көрсетеді және аспаптың гамма – сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануы гамма - радиация деңгейлерін өлшеуге арналғанын түсіндіреді. Гамма - сәулелену қуаты (радиация деңгейі) аспаптың тиісті белгісі орналасқан кеңістік нүктесі үшін миллирентгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Бұған қоса, бета - сәулеленуді табу мүмкіндігі де болады.
Аспапты жұмысқа дайындау кезінде:
- кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу, ажыратып - қосқыш тұтқасын «Режим бақылау» жағдайына қою, бұл ретте аспап меңзері боялған секторда орнығуы тиіс;
- қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу, қаптама белдікті тағу жіне аспапты кеудеге орнату, оған бас телефондарын қосу;
- детекторлау блогының экранын «К» жағдайына (контроль - бақылау) қою.
Қосымша диапазондар ажыратып - қосқыш тұтқасын х1000, х100, х10, х1, х0, 1 қосымша диапазонына кезектестіре әкелу. Бұл ретте х1000, х100 қосымша диапазондарында меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және аспап меңзері тербелуі тиіс;
- экранды «Г» жағдайына қою, ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.
Аспаптың барлық қосымша диапазондарда дыбыстық сигналдандыру болады. Есептеудің кепілдік берілетін ділдігін алу үшін қажетті аспап көрсетулерін белгілеу уақыты (қлшеу уақыты) 45 сек - тан аспайды.
Аспапты қоректендіру үш КБ - 1 қоректендіру элементтерімен жүзеге асырылады. Межелікті жарықтандыру үшін тағы да бір осындай элемент пайдаланылады. Жинақталым қалыпты жағдайларда жаңа элементтерді пайдаланған кезде 55 сағ - тан кем емес уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеуге қаблетті.
Аспапта кернеуі 12 және 24 В тұрақты тоқтың бөгде қоректендіру көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіш бар. Аспаптың массасы 3, 2 кг - нан аспайды.
Алдымен ХБӘА - ның сыртқы бейнесін көрсету керек және оның ауада, жергілікті жерде, сондай - ақ техникада зарин, заман, иприттің, сондай - ақ ауада \/ газының, фосгеннің, дифосгеннің, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның булары бар екендігін анықтауға арналғанын түсіндіру керек. Массасы – 2, 2 кг - дай.
Аспап жинақталымына үш түрлі индикаторлық түтікшелер кіреді: заман, зарин мен
V газының бар екенің анықтауға арналған бір қызыл сақина мен қызыл нүкте; фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның бар екендігін анықтауға арналған бір сары сақина. УЗ - ны анықтау кезінде қоршаған ауа температурасы төмен болса индикаторлық түтікшелерді қыздырғыштарда - 10 град. С - тан + 15 С - қа дейін қыздыру қызметін атқарады. Температура +15 С - тан төмен болған кезде спиртке түтікшелерді қыздыру үшін; температура 0 С және одан төмен болған кезде заман үлгілі УЗ - ға түтікшелерді қыздыру үшін; индикаторлық түтікшелердегі ампулалардың құрамын еріту үшін пайдаланылады.
Екі - үш оқушыдан аспап құрылысын қалай меңгергенін сұрап тексереді.
Оқушылар жұмыстарын қорғайды - 5 мин.
Венн диаграммасы.
Оқушыларға үлестеірме карточкаларды таратылады.
Қорытынды бөлім – 5 мин
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, сабақты талдау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырмасын беру.
Толық нұсқасын жүктеу
Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары
- aiboll
- 9 сәуір 2016
- 7891
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Радиациялық, химиялық, барлау, бақылау аспаптары, ашық сабақ алғашқы әскери дайындық
Ұқсас жаңалықтар:
Кальций және оның маңызды қосылыстары
Кальцийдің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері жөнінде оқушыларға мағлұмат беру; Кальций және оның...Қорғаныстағы жауынгер
Қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері туралы білімдерін пысықтау. Оқушылардың ой - өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне...Аспаптарды безендіреміз
Бұл сабағым 1 сыныпта бейнелеу өнері пәні бойынша оқу бағдарламасын аппробациялау барысында өткізілді....Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы...«Металлдар» екі деңгейлі сынақ-сабақ
Мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сандық есептерді шығару дағдыларын бақылау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.