Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен

Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Адам жалғыз кезінде неше түрлі ән қозғап қиялға түспей ме? Өзінің өткен өміріне ой жіберіп, бір кезде сүйгенін, сүйсінгенін есіне алады. Ақталмаған арманы, көз алдынан өтеді. Кейде адам баласы қол жетпеген қуаныш, ұстатпай кеткен бақытына күрсіне, күйіне, телміре ой тастағанымен, соның болғанының өзіне іштей қуанады. Пенде деген қызық қой, неге өйтетініне өзі де түсінбейді. Шамасы адам мұның бәрін ойға алғанда, өзінің кім екенін түсінгісі келетін болу керек.
Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!
Бердібек Соқпақбаев ’’Өлгендер қайтып келмейді’’

Осы жақсы адамдар неге ауырады екен? Сүлеймен ауырады, Зиба әпкем ауырады. Иса мұғалім ауырады. Жуанқұл мен Тасбет ауырмайды. Оларға ауру жоламайды. Бұзық адамдардан кесел де қорқа ме екен?
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

Бірақ мен өмірге мән беретін, сән беретін біздің өзіміздің жеке бақытымыз екенін, бізге сырттан ешқандай сәуле келмейтінін, тіршілікке, маңайға сәуле төгіп, жылу шашатын адамдардың өздері екенін кейінірек түсіндім. Өзімнің ішкі жан - дүнием әдемі сәулелер шығара бастап еді, мені қоршаған бүкіл қауым, орта, тіршілік құлпырып сала берді.
Төлен Әбдік "Оң қол"

Менің мамам мендей емес, ақылды адам. Дүниеден түңіліп кеткен жерімнен мені қайта тірілтіп алған да сол. «Әкең екеуіміз «жұмыс — жұмыс» деп жүгіріп жүріп, сенен көз жазып қалған екенбіз ғой, балам» деді. «Өміріңнің басында бір сүрінген екенсің, өмір болған соң әлі де сүрінетін жерлерің болар. Бірақ әйтеуір өзіңді жоғалтпа. Адамшылығыңнан айрылма.
Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Ең әуелі өзіңізге өтірік айтпаңыз

Кітап үзіндісі: Ең әуелі өзіңізге өтірік айтпаңыз

Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін – өзіміз....
Кітап үзіндісі: Қайғы мен мұң екеуі ағайынды қасіреттер

Кітап үзіндісі: Қайғы мен мұң екеуі ағайынды қасіреттер

Жолдастар, жақсы оқысаңдар да, жаман оқысаңдар да өздерің үшін. Міне, мен жақсы оқыдым. Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"...
Кітап үзіндісі: Жамандар жақсыларды көре алмайды

Кітап үзіндісі: Жамандар жақсыларды көре алмайды

Жамандар жақсыларды көре алмайды. Қараңғылар жарықты көре алмайды. Неге? Өйткені, олардың көздерін шел басқан. Талантсыздар дарынды көре алмайды....
Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×