Сайтқа кіру Тіркелу

Əке мен бала

Əке мен бала
Бір адам жолда ескі тағаны көріп:
- Балам, анау тағаны алшы - дейді.
- Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды.
Әкесі тағаны өзі алады.
Әкесі ескі тағаны ұсталарға үш тиынға сатады. Шие сатып алады.
Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді. Әкесі баласына:

- Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!»- деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң - көптен құр қаласың, - дейді.

Ы. Алтынсарин
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×