Сайтқа кіру Тіркелу

Ақбаланың тоқтысы

"Жетімнің, жесірдің қақын жеу қарам"

(молдалар шариғатынан)
Ақбаланың байынан қалған, көнетоз арбасы бар. Жесір қатынға байынан қалған қай нәрсе ыстық емес. Әсіресе, арбасы ыстық. Қалтай өзі тірісінде де арбасын кісіге көп бере қоймайтын, "сындырып тастайсыңдар, бүлдіресіңдер" деп безілдейтін. Байы өлгелі Ақбала да арбасын кісіге көп бере қойған жоқ. Қали соны жұма намазына барамын деп баласын екі - үш рет жіберген соң, шарасыздан соған ғана беріп еді...

"Баяділ молда Төрттөбе болысын аралауға барады екен" деген хабарды естігенде, Ақбаланың жүрегі зырқ ете қалды. Баяділ молданың дәулеті ешкімнен кем емес. Табысы жеткілікті. Молдалықтан табыс шамалы болып бара жатса, райсоюзге тары жиып беруге агент болып кететін өнері де бар. Сөйтіп жүріп әбзелге жарымайды. Шайманның салқам

арбасын екі жылдай қабаттасып жегіп, ақырында, Беркімбайдың шешесінің жаназасына барғанда бел ағашын омырып, үйіне әкеліп тастады.

Ақбаланың қорыққаны — арба сұрайды ғой дегендік еді. "Мал иесі уәлі" деген рас, бір күн молда келіп көзін сүзіп тұр:

— Ел аралаған соң, түсім болмай тұрмайды ғой. Қолыма мал түссе, таңдамай біреуін саған берейін, жегіп баруға арбаңды бер, — дейді.

— Бұрынды - соңды ел аралағанда молданың құр қайтқан жолы жоқ. Уәдесіне жетіп мал беретін болса, үйде тұрғанда арба не табады, беру керек, — деп Ақбала лоблиды. Бірер күннен соң, Ақбаланың арбасына көк атты жегіп, прәшкесінде1 күзеулі тор байтал, молдекең мықшиып Төрт - төбеге асады...

* * *

Іңір уақытында:

— Молда келе жатыр! — деген хабар дүңк ете қалды. Ақбала үйден жүгіре шықты. Қара жолдан бұрылып келеді екен. Молда Ақбаланың арбасының үстінде отыр. Көшірдегі баласы прәшкедегі байталға жайдақ мініп, 15 шамалы қойды арбаның артынан шұбыртып айдап келе жатыр.

Ақбала қуанып кетті:

— Бір қойды қайтсе де береді ғой, бала - шаға тұттай жалаңаш қалып еді, жақсы болды ғой, — деп ойлады.

Ертеңгі сәске кезінде ауыл шалдары молданың үйінің жанына жиналды. Молда бұрынғы қой мен соңғы қойын қосып, күзем алдырып жатыр еді. Ақбала да барды, молда Ақбалаға көзінің астымен тұнжыраңқырап қарады да:

— Әй! — деп қатынына дауыстады, — мына келінге ана қоңыр тоқтыны ұстап бер, қырықтырып жүнін алсын... — деді.

— Жүнін қайтейін, берсең басымен бер. Арбаны алғандағы уәдең қайда? — деп Ақбала жабыса кетті.

Молда қапелімде кібіртіктесе де, артынан бетін түзеп алды:

— Мен ол қойды өзім үшін әкелгенім жоқ. Дін назаратының айтуымен жиылған мал. Тиісті жеріне табыс қылынады, — деді.

Ақбала үйіне жылап кетті...

"Жетімнің, жесірдің қақын жеу — харам",— деп Баяділ молданың шариғат айтқанын ерте кезде талай естіп едік. Ол шариғатқа қарағанда — қоңыр тоқтының Ақбаланікі болатын жөні бар - ақ. Бірақ, соңғы кезде молдалар шариғатқа өзгеріс кіргізіп, кейбір жерлерін өздерінің құлқынына қарай бейімдеді десіп жүр ғой.

Шариғаттың өзі де, молдалардың құлқыны үшін ойдан шығарған нәрсесі ғой, ойдан шығарылған нәрсе керегіне қарай икемдеп отыруға көне бермекші. Құлқынына керегі еді.

— Баяділ молда жесірдің ақысын да жеді, уәдесін де жұтты. Мұны басқалар сезбей жүргенмен, Ақбала енді сезер. Ақбала секілді бірер алданғандар молданы маңайына ойлап жолатар ғой.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Айымкүл

Айымкүл

Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылды, салмақтысы еді....
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,...
Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі

Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №17

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №17

Үш ат жеккен кең күйме Ақшоқыдан қалаға тартып барады. Биыл күзде Абай Әбіш, Мағаш және Күлбаданды орысша оқуға орналастыруға бара жатты. Михайловтың...
Мұсабек Байзақұлы

Мұсабек Байзақұлы

Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×