АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ
Өткізілетін уақыты: ________________________________
Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті – 12 сағат
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету.
2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере білуге үйрету, оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда адам фигурасының долбарын салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Долбар дегеніміз не?
2) Ол қалай жасалады?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
1) Балалар қазақтың ұлттық биі қаражорға билейді.
2) Оқушылар қапшықтың ішіндегі затты сипалап, оның бейнесін тақта бетіне салуы керек.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, сөзжұмбақ шешеді.
4. Әрбір шыншыл суретші адамды түрлі жағдайларда, бұрылыстарда, қимыл - қозғалыстарда бейнелей білуге тиіс. Адам – суретшілер зейін қоятын және бейнелетін басты объект. Тұрмыстық, тарихи, батальдық жанрлар картиналарында әрдайым адам көрсетіледі.
Адамда ең басты, ең әсерлі нәрсе – оның сырт келбеті және әсіресе бет - жүзі. Сондықтан суретшінің адамды зерттеуі дәстүр бойынша бастың суретін салудан басталады.
Айтпақшы, көптеген әуесқойлар да ешқандай дайындықсыз өз таныстарының «портреттерін», әсіресе қырынан салады. Кей - кейде тіпті ұқсас сияқты да болып көрінеді, қалай болғанда да талғамсыз авторлардың өзі және олардың заказшылары да дән риза болып қалады. Шын мәнінде бұл суреттер, кейбір ұқсастықтарына қарамастан, жазық және жансыз күйде қалады. Суреттегі бас жанды болу үшін, суретші оны кез - келген еңкейіс - бұрылыстарда бейнелей алуы үшін, ол оның анатомиясын зерттеуге тиіс.
Кез - келген форма немен және қалай пайда болатынын айқын түсіру үшін, ол өзінің суретшілік көлемдік - кеңістік көрегендігін дамытып отыруға және жұмыстың дұрыс бірізділігін меңгеруге тиіс.
Бастың суретін салған кезде бәрінен де одан шамамен екі метрдей қашықтықта орналасқан жақсы. Бұл, бір жағынан, оны бір қарағанда қамтып қалуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бұл қашықтық жалпы форманы қабылдауды тек қиындататын елеусіз ұсақ детальдарды жасырып, жұмсартады. Оның үстіне, бас пластикалық жағынан алғанда әсерлі көрінетін көру нүктесін таңдап алған дұрыс.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сурет салуға кірісе отырып, суретші өз алдындағы параққа арғы ағында бастың суреті тұруға тиісті кеңістік орналасқан бейне бір сыртқы қабат ретінде қарауға тиіс. Мұндай кеңістік түсінік контурларды және ақ - қара дақтарды еннің 4\5 - індей етіп жасаған дұрыс. Модельдің назары бағытталған жақтан көбірек ашық жер қалдырған жөн.
Беттің бейнесін құру кезінде басты осьтер – вертикаль (профильдік сызық) және горизонталь (көздер сызығы) осьтер. Бұл осьтер бет тұп - тура тіке қарап тұрған кезде ғана түзу сызықтар болып табылады. Бастың кез - келген қимылы кезінде – тіпті сәл - пәл ғана бұрылғанда немесе еңкейгенде бұл осьтік сызықтар басты айнала қоршап жатқан доғалар немесе сопақшалар болып шығатыны аңғарылады (схемада – формасы жағынан жұмыртқаға жақын сызықтар).
Бастың суретін салған кезде, ол қаншалықты еңкейсе де немесе бұрылса да, ең алдымен осы осьтердің орналасу жағдайын қадағалау керек – олар әрдайым бізге дұрыс бағдар береді және бөліктердің өзара орналасуын анықтауға, оларды дұрыс байланыстыруға көмектеседі.
Алдымен модельді, мүмкіндігінше барлық ағынан, мұқият зерттеңдер және осы бастың ерекшеліктерін, «өте тамаша» бастан оның өзгешелігін тап басып тауып, сезінуге тырысыңдар. Содан соң қарындашты немесе көмірді жайлап тигізе отырып, бастың жалпы формасын, оның бұрылысын, осьтерін белгілеңдер.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан адам басының, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші адам басының бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.
Гипс басты сала отырып, оның материалдық қасиетін де беруге тырысу қажет. Шрихтер аздап жіңішке болып, және бастың детальдарын айнала жатуы тиіс. Тондық шешімді тапқанда гипсті аса қарайтып жібермей, детальдармен жұмыс жасау барысында жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға принципін сақтаған жөн. Соңғы сатыда гипс басты алыстан бір қарап алып бір тонға келтіреміз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға портрет салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Адам бейнесін бейнелеу қиын да қызықты іс. Соған қарамастан біз бүгінгі сабағымызда адамның бір қырынан бейнелеуді үйрендік. Ал бұл дегеніміз біз адам портретін бейнелеуге деген үлкен қадам жасадық. Бүгінгі сабағымызда алған білімімізді болашақта қолданамыз деп ойлаймын.
7. Үй тапсырмасын әркім өзінің автопортретін салып келуін тапсырамын.
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті
- ramuk_b
- 19 қыркүйек 2016
- 5042
- 0
- 0
Ілмек сөздер: көркем сурет балалар мектебіне арналған сабақ жоспары, гипс бас бейнелеу
Ұқсас жаңалықтар:
Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 1. Интерьерді адам тұлғасымен біріктіру. Перспективті қысқартуларды есептей отырып бейнелеу. 2. Дамытушылық:...Тақырыптық портретті бейнелеу (кескіндеме сабағы)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...Портрет – бұл адамды бейнелеу
Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» реңдік шешімдер....Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.