Сайтқа кіру Тіркелу

Композиция «Қала көрінісі»

КОМПОЗИЦИЯ

Өткізілетін уақыты:________

Сабақтың тақырыбы: Композиция «Қала көрінісі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс - әрекеті;
Дамытушылық мақсаты: Көркемдік - шығармашылық іс - әрекеттің нақты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, тушь бояуы, перо, қылқалам және тағы басқа.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

4. Сабақтың барысы: Үлкен қалада болдыңыз ба? Керемет ғимараттар, түзу көшелер, әдемі саябақтар, көз алдымызға елестетіп көрейікші. Мына қала көрінісі салынған суретке назар аударыңыздар. Бұл суретті балалар қарай отырып, балалар үйлерді қарап және олардың пішінін ойлап, үйлерді өзара салыстырып, сыртқы келбетінен үйдің ішінде не барын, қалай салынғанын түсіне алады. Балалар қала көрінісін және оның әдемілігін көруге қабілетті, сондықтан олармен бірге өз қалаңды жаңаша қарауға ұмтылу керек. Мысалы, Алматы, Астанада қалалары қандай әсем, кейбіреулер қала орталығында ешқашан болған емес, оларға ертегідей көрінуі мүмкін. Басқалар бүгін бұл қаланың ескі бөлігі — үйреншікті әлем, олар қарап үйренбеген, бұл жастағы балалардың көпшілігі ғимараттар мен көше көрінісіне аз көңіл бөледі. Қала әлеміне саяхат жасап шығайық. Нақты сәулет ескерткіштерін есте сақтау талап міндетті емес. Дегенмен, бірге балалар өз көше, ауданын, қаланың жалпы көрінісін көргені дұрыс. Және де Астананың белгілі жерлерін немесе жақын маңдағы ірі тарихи орталықты көргені дұрыс. Есте сақтау үшін емес, жалпы әсер үшін, балаларда қаланын тұтас образын қалыптастыру үшін.

Оқушылармен үйлер пішінін талдау, төбе, терезе, әрбір маңызды деталь, мысалы, кіреберіс дәліз туралы түсінік беремін. Балаларға бұл құрастырулар неге қызықты екенін, оларға қалай әсер ететінін түсіндіру керек. Қалада үйлер бір - біріне қалай үйлеседі: жақын тұр, бірақ әр түрлі; көше құрайтынын атап өткен жөн. Талдар үйлерге кедергі келтірмейді, қаланы толтырып тұрған кішкентай сәулет пішіндер және басқа детальдер сияқты оларда қаланын бір бөлігі.

Қала құрылысындағы ерекшеленіп тұратын ғимарат — ғибадатханаға мән бермеу мүмкін емес. Ежелгі Қазақ жерінде олар қалай салынған, түрлі халық ғибадатханалары, олар туралы кешірек сөз болады, бұл жерде ғибадатхананы әрбір қала тағдырындағы ерекше ғимарат ретінде көріп, байқау қажет.

5. Алған әсерлері бойынша формат бетіне қала көрінісін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету.

6. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады? Қала көрінісі дегеніміз не?
7. Үйге тапсырма: ата - аналарымен бірге өз қалаға барған кезін есіне алып, сол бойынша қала көрінісін салып келу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Композиция «Менің Отаным»

Композиция «Менің Отаным»

Білімділік мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру...
Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Фольклорлық шығарма. Ертегіге иллюстрация

Сабақтың мақсаты: a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін...
Астана - әсем қала

Астана - әсем қала

Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....
Астана  8-сынып (орыс мектебі)

Астана 8-сынып (орыс мектебі)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...
Дүниетану 3 сынып

Дүниетану 3 сынып

Сабақтың мақсаты: Қала мен ауыл туралы, осы елді-мекендердің бір - біріне ұқсастығы мен айырмашылығы, қала мен ауылдағы адамдардың қандай қызметпен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×