Сайтқа кіру Тіркелу

Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы қысқаша мағлұмат беру

Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе сабақ
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр - аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл - көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан - жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр - түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір - бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан - жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады. Кескіндеме өнерінің жанрлары
Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі - бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу (портрет), натюрморт, теңіз.

Үйге тапсырма: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Кескіндеме жасау техникалары

Кескіндеме жасау техникалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...
Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі

Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі

КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...
Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы, түс, шағылысу, фон туралы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Жеке...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×