Сайтқа кіру Тіркелу

Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюрморт

СУРЕТ

Өткізілетін уақыты: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Рең жағынан қарама-қайшы 2-3 заттан құралған қыртыссыз мата аясындағы натюрморт
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Балаларды жарық-көлеңке бере білуге үйрету, оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдер арқылы шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, портрет салудың кезеңдері бейнеленген сурет таблицалар т. б.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда шығармашылық көркем сурет салған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Стиль дегеніміз не?
2) Қандай стильдерді білесіз?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.

4. Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі», қозғалмайтын модельден – натюрморттан (француздың natura - morte өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан) бастаған жақсы. Натюрмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай - ақ, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде оқушылар заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді
Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.
Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті - нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.
Адамның, жан - жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.
Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп қарағанда мән - маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу арқылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жақсы тәсілдерінің бірі - нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз - нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1 - кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2 - кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3 - кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мештікті көлеңке дегеніміз - заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз - жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз - нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке.
Жартылай көлеңке дегеніміз - меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз - заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4 - кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз..
Натюрморт суретін салған кезде бәрінен де одан шамамен екі метрдей қашықтықта орналасқан жақсы. Бұл, бір жағынан, оны бір қарағанда қамтып қалуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – бұл қашықтық жалпы форманы қабылдауды тек қиындататын елеусіз ұсақ детальдарды жасырып, жұмсартады. Оның үстіне, бас пластикалық жағынан алғанда әсерлі көрінетін көру нүктесін таңдап алған дұрыс.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сурет салуға кірісе отырып, суретші өз алдындағы параққа арғы ағында бастың суреті тұруға тиісті кеңістік орналасқан бейне бір сыртқы қабат ретінде қарауға тиіс.
Аққа қарамен сурет сала отырып, тек форманы ғана емес, сонымен заттардың алуан түрлі бояуын, олардың фактурасын беруге ұмтылу керек. Осы тональдық (өң - түстік) қатынастар суретте, натураға қарағанда, әлде қайда кедей, қарапайым.5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға натюрморт салудың қыр - сырын үйретемін.
6. Өнерде қатаң рецептер жоқ. Натюрмортты қою үшін де рецептер жоқ, оларды суретшінің талғамы, сезімі, ішкі түйсігі, композициялық көрегендігі ауыстырады. Тек кейбір, ең жалпы сәттерді ғана атап өтелік. Ең алдымен заттардың жиынтығы кездейсоқ бола алмайды, оларды әлдене біріктіруге, жақындастыруға тиіс, оларда белгілі бір идея, тақырып болуға тиіс. Бүгінгі сабағымызда алған білімімізді болашақта қолданамыз деп ойлаймын.
7. Үй тапсырмасын әркім өзінің үйінде пайдаланатын қарапайым заттардан натюрморт салып келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт

Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт

Сабақтың тақырыбы: Пішіні әр түрлі заттардан құралған ұзақ мерзімді натюрморт Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,...
Гуашь сәндік кескіндемесі. Ауырлығы басым реңтегі түстері ұқсас 2-3 заттард ...

Гуашь сәндік кескіндемесі. Ауырлығы басым реңтегі түстері ұқсас 2-3 заттард ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету...
Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Гипсті құйма кіріктірілген 4 - 5 заттан құралған натюрмортты бейнелеу (суре ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гипс құйма біріктірілген натюрмортты бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды жарық - көлеңке бере...
Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×