Сыршырай
Сабақтың тақырыбы: «Гризайль» техникасымен қарама-қайшы 2 заттан тұратын натюморт этюды.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету
2. Дамытушылық: Палитрадағы әрбір бояудың мүмкіндіктерін терең зерттеуіне мүмкіндік жасау, түс табудағы оқушылардың шеберліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал - жабдықтар: А - 3 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, бор, тақта, әр түрлі техникаларда жасалған сурет таблицалар т. б.
Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда акварель бояуымен жұмыс жасау техникасын өткен болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Әртүрлі ағаш жапырақтарының этюды.
2. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
1) Мен балаларға түрлі геометриялық қиындылар көрсетемін түсінің қандай екенін айту керек (суық немесе жылы)
2) Екі түсті қосқанда қандай түс шығатынын табады (Мысалы: сары+көк=жасыл, сары+қызыл=сәбіз түс).
3) Оқушылармен қимыл - қозғалыс жасау ойыны.
4. Акварель живописі. Акварель живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді. «Акварель» сөзі латынның aqua –« су» деген сөзінен шыққан. Акварель бояулардың негізгі ерекшелігі – аса мөлдірлігі. Бұл – ақ бояу мүлде қолданылмайтын бірден - бір живопистік техника.
«Акварель» бояулар қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазға оңай жағылады және шапшаң кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель техникасы – мейлінше күрделі техникалардың бірі.
Акварельмен жұмыс істей отырып, оқушы қылқаламмен бірінші бояуды жақпас бұрын, одан кейінгі бүкіл жұмыс барысын жалпылама болса да ойша елестетуге тиіс. Егер жұмыстың біршама бастапқы сатысында елеулі олқылықтар байқалса, онда губкамен немесе үлкен жұмсақ қылқаламмен қайсы бір фрагментті немесе тіпті жасалғанның бәрін шайып тастайды. Қалған ақшыл ізді толық кептіріп алады да қайтадан сала бастайды. Бұлай шаю кезінде бояуды қылқалам немесе губка емес, су шаятынын, сондықтан қағазға абайлап қарау керектігін, суды көбірек пайдалану және оның артық тамшыларын жиі алып тастап отыру керектігін есте ұстау керек.
Акварель техникасының өзіндік ерекшелігі – оның барынша дымқылдығында. Қылқалам бояудан ісініп тұруға тиіс, бояу қағаз бетімен бейне бір өзінен - өзі аққандай болады, қылқалам оның парақ бетінде дұрыс бөлінуіне көмектеседі.
Акварель астындағы сурет өте жеңіл, контурлы болуға тиіс. Егер ол мұқият жасауды талап етсе, оны алдымен басқа парақта жасап алады, ал болашақ акварельге одан тек ең қажетті контурларды ғана түсіреді.
Грисейлл (Грисейлл Грис Грей) монохромды (монохромды) кескіндеме болып табылады, тек сұр, ақ және қара түске боялады.
Grisaille әдісі орта ғасырларда кескіндеме кескіндемеде кеңінен қолданылады. Мысал ретінде, Геттьер Альтар, Matthias Grunewald және Альбрехт Дюрер жасаған, бай Франкфурт саудагері Джейкоб Геллердің тапсырысы бойынша. Grunewald қылқаламдары сыртқы жорықтарға жатады, онда қасиеттілердің бейнелері мүсінге ұқсайды.
grisaille тағы бір танымал мысал баптистер Жоханның уағыз Рембрандт кескіндеме болып табылады. Кескіндемеде осындай жеңілдік техникасы үшін жиі пайдаланылады.
Grisaille әдісі Гуарника кескінде Пабло Пикассо пайдаланады.
Grisaille (Grisaille) - араластырудан шыққан тек ақ және қара бояғыштар мен шикі тонами толтырылған кескіндеме. Грисейллде жеңілдік жасалған және оның материалды рефлексия бастап, жарық көзі байланысты екенін назарға алынуы тиіс. N және ақ және қара түсті астам палитрасындағы potomuimet, басқа болып табылады -., көк, қоңыр, қызыл, сары, тіпті алқызыл.
Сурет салуды меңгеруді тірі модельден емес, «өлі», қозғалмайтын модельден – натюрморттан (француздың natura - morte өлі табиғат, натура деген сөзінен шыққан) бастаған жақсы. Натюмортты ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған қалпын өзгертеді деп қорықпай - ақ, оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде оқушылар заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға үйренеді.
Сурет салуды бастай отырып, алдарында жатқан жазық қағаз емес, бейне бір терезе, оның арғы жағынан натюрмортты, оның көлемдерін және олар орналасқан кеңістікті көріп тұрмыз деп елестету керек. Міне осыны қағаз бетінде беру керек. Суретті компановка жасауға кірісе отырып, суретші натюрморттың бүкіл силуэті қандай жалпы формаға енетінін, парақты қалай орналастырған дұрыс екенін (горизонталь немесе вертикаль,) суретті үлкендігі қандай болу керектігін, композицияның жалпы тепе - теңдігін сақтау үшін қағаз бетінде оны қай және бәлкім, қаншалықты жылжытқан дұрыс екенін ойлап алуға тиіс, заттар ауада асылып тұрмауға тиіс, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған қара көлеңкелерді де ескерген жөн: олар суреттің қайсыбір бөлігін «ауырлатуы» мүмкін. Және ақырғысы – сурет парақтың шетіне тіреліп тұруға тиіс емес, сонымен оның ішінде, бейнелеп айтқанда, «жүзіп жүруге» де тиіс емес.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға әр түрлі техникаларда жұмыс істеудің қыр - сырын үйретемін.
6. Өнерде қатаң рецептер жоқ. Натюрмортты қою үшін де рецептер жоқ, оларды суретшінің талғамы, сезімі, ішкі түйсігі, композициялық көрегендігі ауыстырады. Тек кейбір, ең жалпы сәттерді ғана атап өтелік. Ең алдымен заттардың жиынтығы кездейсоқ бола алмайды, оларды әлдене біріктіруге, жақындастыруға тиіс, оларда белгілі бір идея, тақырып болуға тиіс. Бұл, мысалы, еңбек заттары, өсімдіктер, жемістер немесе тамақ, белгілі бір тұрмысты сипаттайтын көне немесе тұрмыстық заттар және т. б. сол сияқты алуан түрлі бұйымдар болуы мүмкін.
7. Үй тапсырмасын әр түрлі техникаларда бірнеше кіші форматта этюдтар салып келуін тапсырамын.
«Гризайль» техникасымен қарама-қайшы 2 заттан тұратын натюморт этюды
- ramuk_b
- 19 қазан 2021
- 1195
- 0
- 0
Ілмек сөздер: «Гризайль» техникасы, қарама-қайшы 2 заттан тұратын натюморт этюды
Ұқсас жаңалықтар:
Гуашь сәндік кескіндемесі. Ауырлығы басым реңтегі түстері ұқсас 2-3 заттард ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...«Дымқыл күй» техникасындағы этюд
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды әр түрлі техникаларда жұмыс жасауды үйрету...Гипстік модель кірістірілген күрделі гуашь натюрморт кескіндемесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету...Түсі де реңі де бір - біріне жақын қарапайым 3 - 4 заттан құралған натюрмор ...
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды гуашь бояуымен жұмыс жасауды үйрету 2. Дамытушылық: Гуашь бояуының мүмкіндіктерін терең зерттеуіне...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.