Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері. Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез – екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар.
Әділеттілікті, еңбекті, ізгі қасиеттерді ту еткен кеңес заманының өркені өсу кезінде, қоғам жақсаруы, қайта құру, өткенді марксистік-лениндік методология тұрғысынан объективті ғылыми, терең зерттеуге мүмкіндік ашылған жағдайда ақын Шәкәрім Құдайбердиев мұрасы халық қазынасына қайта айналды.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомыбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты.