БІЛЕСІҢ БЕ?!
СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ
Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге,
Сезімге ыстық қолым енді жеткенде
Тәңірдің тартқан тәтті сыйы
Ащы мұңға айналарын білгем бе?!
Әлі есімде көгілдір өткір көздерің,
Әлі есімде мені өзіңе ғашық еткен кездерің.
Жалғыз сен деп соққан жүрек лүпілін,
Бір өзіңе арналған жан жылуын сезбедің.
Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге!
Барлық адам арманына жеткен бе?!
Жүрекке сүйген қосылу жазбаса да
Жоқ менің бұл өмірге өкпем де.
Сенсіз бақыт табу мүмкін екен бе,
Амал бар ма тағдыр деген шіркінге?!
Өзім еккен пәк сезімнің, ақ гүлдің
Күлтелерін жұлудамын біртіндеп.
Толы еді күлтелері ақ гүлдің
Сағынышқа, қайталанбас ән – жырға.
Бірі айналған орындалмас арманға,
Бірі толы ешкім сезбес сыр – мұңға.
Күлтелері ақ гүлдің көк аспанға ұшқанда
Қимас көзбен ұзақ – ұзақ қарады.
«Жалғызым» деп соққан жүрек лүпілі
Күлтелермен келмеске ұшып барады...
Білесің бе?
- Светлана
- 5 наурыз 2013
- 4998
- 0
- 0
Ілмек сөздер: махаббат туралы өлең
Ұқсас жаңалықтар:
Өкпелесіп қалып еді қос ғашық...
Бір-бірімен жан-дүниесі астасып, Шын сезіммен жүрген еді достасып. Көз тиді ме, тіл тиді ме, білмедік, Өкпелесіп қалды бүгін қос ғашық....Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Бір түрлі
Өткізіппін сенсіз тура мың күнді Бәлкім жүрек болмайтынға ұмтылды Бір кездері "тек сендікпін" деуші едің Сүйіп жүріп, жек көруің бір түрлі...Фаризаға
Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз....Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет, Мен бір жаққа асығамын......Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.