Сабақтың тақырыбы: My body.
Сабақтың мақсаты: «My body» тақырыбы бойынша жаңа сөздікті енгіз, This is a.../These are… құрылымының аясында зат есімнің жекеше және көпше түрін қолдануды белсендіру, тақырыптық лексиканың орфографиялық дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтежиелер:
пәндік: мұғалімнің, диктордың сөзін тыңдау арқылы ағылшын дыбыстарын дұрыс айт; сабақтың a head, a shoulder, a knee, a toe, a hand, leg, left, right оқу, жазу және сөйлеуде қолдану; жаңа сөздерді ауызшы және жазбаша қолдануда орфографиялық нормаларды сақтау.
тұлғалық: ағылшын тіліне деген қызығушылықты көрсету, тілдік қарым - қатынастың (тілдік этикеттің) техникасын қалыптастыру.
жүйелік - әрекеттік: бұрын үйренген тілдік материалды тақырып аясында ақпарат сұрауда қолдану, лексикалық - грамматикалық құрылымды күнделікті өмірде қолдану.
Сабақты материалды қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, көрнекі материалдың жинағы;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: дүниетану (дене мүшелері).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыр сәті.
Амандасу.
Good morning, children! I` m glad to see you! How are you?
Good morning, teacher! We are fine, and you?
«Good morning» әні.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, біз өзіміз, туысқандарымыз, достарымыз туралы әңгімелей аламыз. Солай емес пе? Ағылшынша біз не айта аламыз? Естеріңе түсіріңдер. Жарайсыңдар! Ал енді біз сыртқы келбетті сипаттауға үйренеміз. Бірақ алдымен, қажет сөздерді жаттап алуымыз қажет. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «My body».
3. Тірек білімді белсендіру.
«Көбірек сөз» лексикалық ойыны.
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ «с» әрпіне неғұрлым көп сөз келтіріп, тақтаға жазуы тиіс. Ең көп сөз айтқан топ жеңімпаз болады. Қорытынды жасаған кезде сөздердің санына ғана емес, олардың дұрыс жазылуына да назар аударылады.
List of words: candle, cake, cook, city, capital, cat, Christmas, clown, cleaner, colour, car, can, cow, coat.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, бізге Бен досымыз келді. Ол бізге сөйлегенде қолданатын сөздердегі ағылшын әріптерін дұрыс айтып жаттауға көмектеседі.
/е/,/ɪ:/,/əʊ/ дыбыстарымен жұмыс.
- Children, listen and repeat after me: /e/,/e/,/e/.
Say: pen, Ben, hen, head, bed, leg, vet.
- Well done, children. Now, sound /i:/. It` s a long sound.
Оқушылардан осы дыбыс бар сөздерді атауды өтінемін.
Possible answers: he, she, cleaner, these, three, we, Easter, queen, policeman, teacher.
- Fantastic! And one more sound. Listen carefully and repeat after me /əʊ/, / əʊ/,
/əʊ/. Say: toe, shoulder, yellow, hello. Great job, children.
4. Жаңа білім мен іс - әрекет тәсілдерін меңгеру.
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Listn and learn the new words.
- Балалар, Бен бізді бүгін жаңа сөздермен таныстырады. Look at the picture and listen to him.
Track 16.
Ben: a head, a shoulder, a hand, a knee, a leg, a toe.
Жаңа сөздермен танысқаннан кейін, оқушылар мынадай жай сөйлемдер құрастырады:
This is a head. This is a shoulder. This is a knee. This is a toe. This is a hand. This is a leg.
Тыңдалымнан кейін лексиканы бекітемін. Сөздерді айтамын, ал оқушылар оларды оқулықтан көрсетеді. Олар көрсетіп қана қоймай, оларды атайды. Оқушыларды орындарынан тұрғызып, өзі айтқан дене мүшелерін көрсетуді сұраймын.
Сабақ тақырыбының аясында This is a…/ These are… құрылымының жекеше және көпше түрінің қолданылуына белсендіру.
Сабақта to be етістігінің формаларының қолданылуына, белгісіз а артиклінің жекеше түрінде пайдалануына және оның көпше түрінде жоқ болуына оқушылардың назарын аударамын.
This is a toe – These are toes.
Thia is a shoulder – These are shoulders.
This is a knee – These are knees.
5. Бастапқы түсінсіті тексеру.
2 - жаттығу. Say. This is a…/ These are…
Оқушылар осы құрылымды қолданып, суреттерді сипаттау тиіс.
Keys:
1. These are (his) knees.
2. These are (her) shoulders.
3. These are (his) toes.
4. This is (her) head.
5. This is (her) hand.
6. This is (his) leg.
Сол мен оң қолды көрсету арқылы left, right сөздерін енгіземін. This is my left hand. And this is my right hand.
Сергіту сәті.
Can you hop like a rabbit?
Can you jump like a frog?
Can you walk like a duck?
Can you run like a dog?
Can you fly like a bird?
Can you swim like a fish?
Can you be like a good child?
As still as you wish.
«Simon says» дидактикалық ойыны.
Ойынның өту барысы: оқушылар шеңберде тұрып, мұғалімнің «Simon says» деп айтқан бұйрықтан кейін ғана орындайды.
Show me your head. Show me your right leg. Simon says show me your left leg, etc.
6. Білім мен іс - әрекет тәсілдерін бекіту.
Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу. Name the body parts. Write.
Оқушылар суретте бейнеленген дене мүшелері мен сөздерді сызықпен қосуы тиіс. Сөздер қоршауда берілген: a head, a swhoulder, a knee, a toe, a hand, a leg.
2 - жаттығу. Complete the sentences.
Оқушылар суреттерге сүйене отырып, құрылымның керекті нұсқасын жазуы тиіс.
Keys:
1. These are my shoulders.
2. This is my haed.
3. These are my ten toes.
4. These are my hands.
3 - жаттығу. Guess the body part. Write and match.
Оқушылар сөздерді тауып, әртүрлі дене мүшелеріне жазады. Leg, hand, head, shoulder, knee, toe.
4 - жаттығу. Write left or right.
Left, right сын есімдерін бекіту үшін оқушыларға қажет нұсқаны таңдап, суреттерді жазу керек.
7. Сабақты қорытындылау.
- Your work today was brilliant! Tell me please, what new words you have known at the lesson. Good!
9. Үйге тапсырма беру.
3, 5 – жаттығулар.
My body
- aikoss
- 24 қаңтар 2016
- 9383
- 0
- 0
Ілмек сөздер: My body, урок английского языка, ағылшын тілі, дене мүшелері атауы
Ұқсас жаңалықтар:
Let's Play
The aims of the lesson: a) educational: to explain the new materials, to consolidate students knowledge concerning...Дене мүшелері / Parts of body
Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында мұғалім дене мүшелерінің суреттерін көрсетеді, оқушылар, қазақша, ағылшынша жауап береді....Animals
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Бейбтканова Назгуль...Comperative and superlative adjectives
Мақсаты: Білімділік: Сын есімнің салыстырмалы және күшейтпелі шырайларын қайталай отырып, мысалдар келтіріп, мәтінмен жұмыс жасау, оқушыларды...Дене мүшелері (Parts of the body)
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері (Parts of the body)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.