Welcome to Disneyland!
(Диснейлендке хош келдіңіз!)
Пән мұғалімі: Қайрбек Арайгүл
Мектебі: Қаблиса жырау атындағы орта мектебі
Сабақтың мақсаты: Диснейленд туралы мағлұмат ала отырып, сөздерді дұрыс жазуға, ойларын жүйелі нақты айта алуға бағыттау.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана алу
2. Сөздердің оқылуы мен жазылуын есте сақтау
3. Мәтін мазмұнын жинақтап қорытындылай алу
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, үлестірме қағаздар, стикерлер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасады, өзін таныстырады.
- Балалар, мен жаңа ғана саяхат агенттігінен беймәлім бір жерге саяхаттау туралы жолдама тапсырып алдым, мен жол серігі боламын, менімен бірге саяхатқа кімдер барады екен? / Оқушылар өздерін таныстырады./
- Біз саяхатқа ұшақпен барамыз. Енді билеттеріңізді алып, белгіленген орындарға отырыңыздар. Экранға назар аударыңыздар./Тақтада бейнежазба арқылы мультфильмнен үзінді көрсетіледі. Мұғалім оқушылармен шағын диалогқа түседі./
Who is it? (Бұл кім?) It is Mickey mouse. (Ол Мики Маус)
Who is it? (Бұл кім?) It is Tom.(Ол Том)
Who is it? (Бұл кім?) It is Jerry.(Ол Жерри)
Have you ever seen these cartoon films?
(Сен бұл мультфильмді көрдің бе?)
Yes, I have.(Иә, көрдім)
II. Қызығушылығын ояту кезеңі
- Do you know what is famous playground in the world?
(Сіздер білесіздерме әлемдегі ең үлкен ойын алаңы қайсы?)
- Yes, it is Disneyland.(Иә, ол Диснейленд.)
Ендеше, бүгін біз сол Диснейлендке саяхаттап барамыз.
- Have you ever heard about Disneyland?
(Диснейленд туралы естіп көрдің бе?)
- Have you ever been to Disneyland?
(Диснейлендте болдың ба?)
- Do you want to go there?
(Ол жерге барғың келе ме?) Мұғалім оқушылардың әр жауабын мұқият тыңдап, ынталандырып отырады.
III. Мағынаны ашу кезеңі
Балалар, біз Диснейлендке жеткенше Уолт Диснейдің өмірі, еңбегі туралы таныса отырайық.
1. Мұғалім Уолт Диснейдің өмірі, еңбегі жайында жалпы мағлұмат береді.
Walt Disney was born on 5 December, 1901, in Chicago. He became the cartoonist for the school magazine. Walt Disney was a film producer, media magnate, and co - founder of the Walt Disney Company. He was an iconic figure in the Twentieth Century media and entertainment industry, helping to produce many films. With his staff, he created famous cartoon characters, such as Mickey Mouse and Donald Duck; his name was also used for the successful Disney Theme Parks. (Уолт Дисней 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келген. Ол мектеп жүрналында суреттер салатын. Ол фильм режиссері, Диснейленд компаниясының негізін қалаушы, 20 ғасырдың медиа саласына зор үлес қосушы, ол кино саласындағы көптеген сыйлықтардың иегері.
2. «Vocabulary» яғни, жаңа сөздермен жұмыс
Саяхатшының анықтамасында Диснейленд туралы мәліметтер бар, сол мәліметтерде кездесетін жаңа сөздермен танысайық.
Мұғалім әр сөзді оқып түсіндіреді. Яғни бірінші қимадағы сөз ceremony [serimǝni] той, салтанат Екінші қимадағы сөз knowledge [‘nɔlidɜ] білім Үшінші қимадағы сөз magical [‘mædɜikǝl] сиқырлы
Төртінші қимадағы сөз acre [‘eikǝ] акр( ұзындықтың өлшем бірлігі) Бесінші қимадағы сөз dusty [dʌsti] шаңды Алтыншы қимадағы сөз later [’leitǝ] кейінірек, кейін Соңғы қимадағы сөз create [kri: eit] құру, орнату. Осы сөздерді мұғалімнің көмегімен хормен қайталайды.
Сіздерге «Aladdin» фильмін сыйға тартамын.
3. «Reading» яғни, мәтінмен жұмыс
Саяхатшының анықтамасындағы мәліметтер ІІІ топқа бөлініп беріледі, топ мүшелері сын тұрғысынан ойлана отырып бір - бірімен диалогқа түседі соңында ДЖИГСО тәсілі арқылы оқиғаны баяндайды.
I топтың мәтін мазмұны
«To all who come to this happy place! Welcome. Disneyland is your land.»Walt Disney said these words above on July 17, 1955 at the opening ceremony of his park. Disneyland is a place where people find both happiness and knowledge.
(«Осы бір бақытты мекенге келулеріңізді қарсы аламыз, Диснейленд сенің жерің»Бұл сөздерді Уолт Дисней 1955 жылы 17 шілдеде саябақтың ашылу салтанатында айтқан еді. Диснейленд бақыт пен білім мекені.)
II топтың мәтін мазмұны
Walt Disney told his friends a story about how, on Saturdays, he took his two daughters to parks and playgrounds. It was Walt Disney who created such a park.
(Уолт Дисней достарына бұл саябақты қалай құрғандығы туралы әңгімелеп беретін. Сенбі күндері ол қыздарын ертіп осы саябаққа келетін. )
III топтың мәтін мазмұны
His “ magical little park ” twenty years later became the Magic Kingdom. He turned 160 acres of dusty orange place into the happiest place on the earth.
(Оның кішкентай сиқырлы саябағы 20 жылдан кейін сиқырлы патшалыққа айналды. Ол 160 акр келетін шаңды апельсин алаңқысын әлемдегі ең бақытты мекенге айналдырды.)
Осы жауаптарыңыз үшін мен сіздерге «Bambi» мултьфилімін сыйлыққа беремін.
- Балалар, Диснейлендке жеттік, шаршаған боларсыздар, ұшақтан түсіп бойымызды жазып, сергіп алайық.
IV. Сергіту сәті
Оқушылар бейне жазбаға қарап гимнастикалық жаттығулар жасайды.
V. Ой толғаныс кезеңі
- Балалар, жол бойы үйренген білімдерімізді енді еске түсірейік.
Барлық оқушыға екіден сөздердің дыбысталуы жазылған қағаз үлестіріледі олар осыған қарап ағылшын сөздерін жазады. Тапсырма мазмұны мынадай:
[ǝ: ɵ] [hæpi] [pa: k] [leit] [‘serimǝni] [kri: eit]
Тапсырма орындалып болған соң экрандағы дұрыс жауапқа негізделіп өзара жұптық бағалау жүргізіледі.
Earth happy park later ceremony create
Бұл ретте сіздерге «Tom and Jerry» фильмін ұсынамын.
ҮІ. Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін Уолт Дисней және Диснейлендпен таныстық, енді өз елімізге қайтып бара жатқанда келесі сұраққа жауап беріңіздерші.
What would you do if you were Walt Disney? (Егер сіз Уолт Дисней болсаңыз не істер едіңіз? ) деген сұраққа оқушылар өз ойларын айтады.
- Балалар, өте жақсы жауап бердіңіздер. Сіздерге «Snow White and Seven Dwarves» атты фильмін туристік компания сыйға тартады.
- Балалар, бүгінгі саяхатымыз жақсы өтті, өз пікірлеріңізді саяхатшы күнделігіне толтырып берулеріңізді сұраймын!
VI. Бағалау, үйге тапсырма
- Бүгінгі саяхатымызда белсенділік танытқан туристер болды, олар ( балалардың атын айтып шығу). Осы саяхат туралы «Мөлдір бұлақ» журналына шағын мақала жазып келіңіздер.
Welcome to Disneyland! (Диснейлендке хош келдіңіз!)
- Қайрбек.Арайгүл
- 10 қаңтар 2016
- 4923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Welcome to Disneyland, диснейлендке хош келдіңіз
Ұқсас жаңалықтар:
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім. (3 - сынып)
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Сурет бойынша 2 - 3 сөйлеммен өз ойын білдіру....Welcome to English!
1 - round: “Hot ball” The group captain answer the question. Come her place sit down. The hot chair. «Осы кезеңде топ капитаны келіп ыстық орындыққа...АҚШ туристік нысандары
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі Әбдреева Ажар...Health problem
Бейсеуова Нурила...The Kingdom of three languages
The theme: “The Kingdom of three languages”. The type: competition...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.