Сайтқа кіру Тіркелу

Having fun

Сабақтың тақырыбы: “Having fun”
Сабақтың мақсаты:
- «Саяхаттау» тақырыбына сай сөздік қорлары кеңейеді;
- Еркін сөйлеуге, рөлдік ойынды образға кіріп ойнауға дағдыланады;
- Мәнерлеп және интонациямен оқу қабілетін дамытады;
Күтілетін нәтиже:
1. Топтасып жұмыс істеуге үйренеді;
2. Әр бала көрініс көрсету арқылы актерлік қабілетін шыңдайды;
3. Шығармашылық қабілеті дамиды;
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО стратегиялары, Миға шабуыл стратегиясы, драма (рөлдік ойын) әдісі, стикерлермен диалог тәсілі, тренинг “Sun shine to…”, жазбаша тапсырма.
Дерек көздері: Мультимедиялық проекторлар, балаларға таратылған ресурстар.
Пән аралық байланыс: география
Сабақтың жоспары:

Уақыты Сабақты ұйымдастыру формасы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
2 мин Ұйымдастыру формасы Амандасу.
Тақырып интерактивті тақтадан сурет көрсету арқылы ашылады
Сәлемдесіп, сұраққа жауап бергеннен соң сынып назары сабаққа ауады
1 мин Топқа бөлу Оқушыларға кәмпиттер таратылады. Кәмпиттердің сыртқы орамдарының түстері әртүрлі Үш түске сай үш шағын топқа бөлінеді
4 мин Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген тапсырма “Things to do in Central Asia” мәтінін мәнерлеп қатесіз оқу. Және жаңа сөздерді қайталау Әр шағын топтан бір - бір оқушыдан мәтінді мәнерлеп оқиды
4 мин «Миға шабуыл» стратегиясы Exercise1 at page149 «Мектеппен саяхат» тақырыбына сай білетін сөздерді тізбектеу Бұл тапсырманы тақтаға барлық оқушылар дара орындайды
6 мин Негізгі бөлім.
Драма (рөлдік ойын) Exercise2 at page 149 Кеше Думанның сыныбы көлге мектеппен саяхатқа шықты. Әр жерге 6 стикер жапсырылады Оқушылар барлығы тұрып жылдам стикерлерді алуы керек. Ер балалар ерлердің аты жазылған стикерді алып, ал қыз балалар әйел адамның аты жазылған стикерді алып, ондағы сөйлемде не жазылғанын түсініп, интонациямен оқи білуге дайындалуы керек
5 мин Тренинг “Sun shine to…” Тренинг ережесімен таныстырылады Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір адам ортаға орындықсыз тұрады да “Sun shine to the person who …” дейді, бұл орайда көп нүктенің орнына “love computer games” немесе “love to dance” деген сияқты келтіріп өз тарапынан бірдеңе қосады. Осы сипаттамаға сәйкес келетіндер осы кезде орындарын ауыстырады, ал ортада тұрған адам олардың орнына отырып үлгеруі керек. Сөйтіп ауысып отырады
10 мин Топтық жұмыс. Әңгіме құрастыру
Exercise3 at page 150 Қоршалған етістіктерді қолданып, «Біздің сыныппен саяхатымыз» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастыру
10 мин Жазбаша тапсырма Exercise7 at page 151 Сөйлемді мағынасына сай аяқтау
2. I was so angry that I slammed the door.
3. I was so thirsty that I drank a liter of water.
4. I was so tired that I went straight to bed.
5. I was so pleased that I gave a kiss.
6. I was so upset that I started to cry.
2 мин Сабақты бағалау Бағалау өзін - өзі бағалау мақсатында «шаршылар» арқылы жүзеге асырылады
1 мин Үйге тапсырма Exercise4 at page150 Кэйттің хатымен танысу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×