Сайтқа кіру Тіркелу

«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық технологиялар ойындарымен дамыту

Жоспар
І. Кіріспе бөлімі:

«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық технологиялар ойындарымен дамыту.

ІІ. Негізгі бөлімі:
1. «Жаңа ақпараттық технологиялар арқылы балалардың тілге қызығушылығын арттыру»
2. Практикалық жұмыс. Білім деңгейінің нәтижесі.
ІІІ. Қорытынды:
«Ақпаратты технологияларды қолданудағы жетістіктер»

КІРІСПЕ
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында айтқан болатын.
Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі - уақыт талабы. Міне, сондықтан да бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығын арттыру басты мақсат болып табылады.
Қазіргі заманауи технологияларды мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу практикасында пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда заманауи технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. «Оқу үрдісінде заманауи технологияларды білім беру сапасын жақсартудағы қолданыс аясын кеңейту керек» деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, оқу іс – әрекетінде жаңа жолдардың біріне жататын ақпараттық оқыту жүйесіндегі ағылшын тілін үйретуде интерактивті тәсілді жиі қолданамын.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте - бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Өйткені бала ойынсыз жетілмей, жан - жақты дамымайды.

ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Жаңа ақпараттық технологиялар арқылы балалардың тілге қызығушылығын арттыру»
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері балаларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
«Интерактивтік» деген сөз, интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады. Ол үйрету кезінде балаларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой – өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс балаларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегіне өткізеді;
- Бала өзін – өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін қалыптастырады;
- Ойлауды белсендіреді;
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
Біріншіден, ағылшын тілін үйретуде интерактивті тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың үйрету процесіне сай болуы керек.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын үйрету құралдары, жаттығулар, сергіту сәті бейнежазбалары балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
Үшіншіден, балалар жіберген қателіктерін педагог көмегімен өздері табуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін оқу іс – әрекетін заманауи технологиялық ойын түрінде жүргізу қажет. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым – қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Педагогтің қолындағы мықты екі қарудың бірі - терең білімі болса, екіншісі – сол білімін бала бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс – тәсілі болуы қажет. Осыған орай мен мемлекеттік стандартқа сай, Ересек «Жұлдыздар» тобына вариативтік компоненті бойынша, аптасына бір рет, бейсенбі күні ағылшын тілін жүргіземін.
Оқыту барысы күннің екінші жартысында жүргізіледі. Өз тәжірибемде ақпараттық ойын технологияларын үнемі қолданып отырамын. Топта барлығы 20 бала бар. Ағылшын тілін үйретуде жетістікке жету үшін, әр шараны қызықты формада өткізуге тырысамын.
Осылайша балаларға ағылшын тілін үйретуде алдыма қойып отырған басты мақсатым:

Жұмыстың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану

Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану

“Интерактивтік” деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей интеракция деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет...
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникативтік т ...

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×